скрипт для АДГС

Стиль для галереи

Вы здесь

АНОНИМДІ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Құрметті азаматтар!

 

Бұл айдар Сіздің құқықтарыңызды және заңды мүдделеріңізді қорғау мақсатында ашылды.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызмет саласында басшылықты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылауды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді.

Осыған орай, егер Сіз мемлекеттік қызмет (оның ішінде конкурс рәсімдерінің бұзылуы, заңсыз жұмыстан шығару және тәртіптік жазаға тарту), мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы, қызметтік әдепті бұзу фактілерімен кездессеңіз, Сіз анонимді өтініш жібере аласыз.

Сіздің ақпаратыңызды толық және жан-жақты зерттеп қарастыру үшін iс-әрекетiне шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауын және мемлекеттік қызметшінің лауазымын, аты-жөнiн, көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің ақпаратыңыз мониторинг және қажетті әрекет ету үшін маңызды болмақ.


Мобильная версия RSS Карта сайта