Вакансии
г. Астана Акмолинская Павлодарская Карагандинская Восточно-Казахстанская г. Алматы Алматинская Жамбылская Южно-Казахстанская Кызылординская Северо-Казахстанская Костанайская Актюбинская Мангистауская Атырауская Западно-Казахстанская
г. Астана Акмолинская Павлодарская Карагандинская Восточно-Казахстанская г. Алматы Алматинская Жамбылская Южно-Казахстанская Кызылординская Северо-Казахстанская Костанайская Актюбинская Мангистауская Атырауская Западно-Казахстанская Территориальные управления Агентства

Жаңала-таратуына жазылу

Конкурсы на вакантные должности
Тестирование

«А» корпусының кадр резервіне іріктеудің бірінші сатысының қортындысы туралы

Қазіргі уақытта «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің мынадай сатылары аяқталды: кандидаттардың құжаттарын қабылдау, олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау және тестілеу.

 

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу қағидаларына сәйкес құжаттарды қабылдау 2013 жылдың 3 сәуірі мен 3 мамыр аралығында, бір ай ішінде жүзеге асырылды.

Жалпы, 2024 кандидат құжаттарын тапсырды, олардың:

511 – «А» корпусына өткен лауазымдарда жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілер (олардың 220 – орталық мемлекеттік органдардан, 291 – жергілікті атқарушы органдардан),

1066 - өзге мемлекеттік қызметшілер,

447 - мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар.

кандидаттардың 14 % – әйелдер.

Арнайы біліктілік талаптарына құжаттардың сәйкестігін қарау қорытындысы бойынша 1851 кандидат тестілеуден өтуге лайық болып танылды.

 

15 және 27 мамыр аралығында «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу жүргізілді.

Тестілеуге 1787 кандидат қатысты, олардың:

499 – «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері;

931 - өзге мемлекеттік қызметшілер;

357 – мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар.

64 кандидат тестілеуге келген жоқ.

Осылайша, тестілеуден өткендердің 72%-н «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын тұлғалар құрайды.

 

1124 (62,9%) кандидат шекті мәнді еңсеріп, тестілеуден табысты өтсе, 663 (37,1%) кандидат шекті мәнді жинай алмады.

Бұл ретте мүмкін болатын 100 балдың 10015 кандидат жинады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес тестілеу көбіне барынша дайындалмағандарды қалдыру әдісі ретіндегі шара болып қолданылды.

Тестілеу бағдарламасына мемлекеттік қызмет саласындағы 10 заңды білуге арналған тестілер кіргізілді: Конституция, үш конституциялық заңдар және өзге заңдар.

Заңдарды білу – мемлекетік қызметшілердің тікелей міндеті. Осы заңдарды жүзеге асыра отырып, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, оның ішінде әкімдер заңдардың жоғары тұруы қағидасын - мемлекеттік қызметтің базалық қағидасын қамтамасыз етулері тиіс.

Қазіргі уақытта «А» корпусының лауазымдарында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілердің кейбір тестілеу нәтижелері.

Лауазымдары «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметшілер қатарынан 511 адам осы корпусқа іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырды.

Олардың ішінен 155 кандидат, яғни 30% шекті мәннен өте алмады.

Олардың арасында:

-         17 жауапты хатшының 1,

-         14 облыс әкімдері аппараттары басшыларының 2,

-         41 комитет төрағаларының 8,

-         75 тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерінен 20,

-         191 қала, аудан әкімдерінің 54,

-         Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 16 тәртіптік кеңестерінің 2,

-         басқа да мемлекеттік қызметшілер.

Тестілеу бойынша шекті мәнді еңсере алмаған «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің келесі сатыларына жіберілген жоқ.

Анықтама:

Лауазымдары «А» корпусына өткен әрбір мемлекеттік қызметшімен
26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген еңбек шарты жасалынды. Оның қолданыс мерзімі 6 ай, яғни 26 қыркүйекке дейін.

Сонымен қатар, мұндай шарт ерте бұзылуы да мүмкін. Бұл - егер осы лауазымға «А» корпусының кадр резервінен біреу тағайындалатын болса жүзеге асатын болады. Мұндай жағдайда көрсетілген алты айлық шарт бұзылып, тағайындалатын «резервшімен» жаңа еңбек шарты – 4 жылға жасалынады.

Осылайша, тестілеу қорытындысы бойынша «А» корпусының кадр құрамы кем дегенде үштен бір бөлікке жаңаратыны туралы қорытынды жасауға болады.

Басқарушы «А» корпусының лауазымдарына ашық конкурстық іріктеу жүргізу өңірлердің кадр әлеуетін ашуға және «жаңа» ықтимал басқарушыларды көруге мүмкіндік берді.

Өңірлік кадр комиссияларында әңгімелесуден өтетін кандидаттардың тек 23 % – «А» корпусында жұмыс істеп жатқан қолданыстағы мемлекеттік қызметшілер, ал кандидаттардың 77 %-ын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері және мемлекеттік қызметші емес тұлғалар құрайды.

Осылайша, «патронаждық» жүйе мен «саяси» сипаттағы тағайындаулар кезінде басқарушы лауазымдарға тағайындауға құқығы бар тұлғалардың көзіне түспей қалуы мүмкін кандидаттар өңірлік кадр комиссиялары деңгейінде, ал алдағы уақытта Ұлттық комиссия деңгейінде «өзін көрсету» мүмкіндігін алуда.

 

Қазіргі уақытта өңірлік кадр комиссияларында кандидаттармен әңгімелесу өткізілуде.

Облыс әкімдерімен басқарылатын осы комиссиялар кандидатқа, оның кәсіби және жеке қасиеттеріне баға берулері қажет. Осы баға негізінде қалыптасатын өз ұсыныстарын олар Ұлттық комиссияға жолдайды.

 

4 маусымнан бастап Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияда әңгімелесу басталады.