скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

 

2017 жылдың 1-тоқсанында Агенттікке барлығы 905 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан –  756, заңды тұлғалардан – 149. 
Олардың 772 орындалды, 133 орындалуда.
2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 772 орындалған өтініш бойынша келесідей шешімдер қабылданды:
- түсіндірме берілді – 174,
- ведомстволық бағыныстылығы бойынша басқа органдарға жолданды – 305,
- аумақтық бөлімшелерге жолданды – 229,
- өтініш толық қанағаттандырылды – 21,
- өтініш ішінара қанағаттандырылды – 1,
- өтініш қараусыз қалдырылды («Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 1-тармағына және 14-тармағының 7-бабына сәйкес) – 17,
- заңнаманың бұзылу фактісі бойынша құзыретті органға шаралар қабылдау үшін жолданды – 1,
- Заңның 10-бабы 2-тармағы бойынша қандай да бiр ұсынымдар, талаптар, өтiнiшхаттар, өтiнiш айтулар болмауына байланысты мәліметке алынды – 3,
- мемлекеттік органға тексеріс жүргізілді – 1,
- иесі бүркемелеген өтініш – 12,
- өзге де негіздер бойынша  – 8.
Аталған кезеңде Агенттік басшылығының жеке қабылдауында 37 адам қабылданып, оның барысында 23 жазбаша өтініш қабылданды.

 

Орналастырылған: 16.02.2017
Жаңартылған: 14.04.2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы