скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы» Заңның 10 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу белгілі бір тұрмыс тіршіліктің саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жүйелі ұсынымдарды белгілеу мақсаты болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері:
  1. қоғамдық қатынастар жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру;
  2. сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаттары:
  1. заңдылық;
  2. транспаренттілік;
  3. әдептілік;
  4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;
  5. мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мазмұны

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың жеке салалары үшін әзірленеді.

Оларға:

  1. денсаулық сақтау;
  2. білім беру;
  3. әлеуметтік қорғау;
  4. мәдениет және спорт;
  5. жер қатынастары;
  6. құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздік;
  7. тұрғын – үй коммуналдық шаруашылықты басқару;
  8. сот төрелігін орындауға;
  9. прокуратуралық қызметі;
  10. салықтық әкімшілендіру;
  11. жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
  12. ауыл шаруашылығы;
  13. табиғатты пайдалану және экология;
  14. санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  15. өнеркәсіп құрылыс, көлік;
  16. энергетика;
  17. қаржылық, соның ішінде банк қызметі;
  18. қоғамдық қатынастардың басқа да салалары жатқызылуы мүмкін.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгіленген ережені мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс әрекетін және шішімдерін осы Әдістемелік ұсынымдардың қосымшасына сәйкес анықтайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау көз қарасы:
  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
  2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау;
  3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау;
  4. тіршілік әрекеті саласы тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде қалануы тиіс.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу рәсімі

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жұртшылық қатысуымен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен әзірленеді және заңнаманы әзірлеу мен құқықтық қолдану тәжірибесінде есепке алынады.
  2. Жұртшылықтың қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын әзірлеушінің интернет-ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау, қоғамдық тыңдаулар өткізу, әзірленіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын талқылау үшін «дөңгелек» үстел форматы отырыс өткізу жолдарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен бекітіледі.
  4. Бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеушінің интернет – ресурсында және өзге бұқаралық ақпарат құралдарында тиіс.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын орындау

 

  1. Мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдарға орындау үшін міндетті.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауапкершілік мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен белгіленеді.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуына бақылауды мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына жүктеледі.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат органның, ұйымнның қызметкерлерінің жұмысын аттестациялау және бағалау кезінде қолданылады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу  жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

Қосымша

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың үлгілік нысаны

 

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы

____________________________________________________________________

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы

____________________________________________________________________

 

  1. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары

 

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар_______________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы