скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту

Мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту

Мемлекеттік органдар уәкілетті комиссияның шешімі бойынша шетелдік жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдай алады. Шетелдік жұмыскерлер мемлекеттік лауазымдарға орналаса алмайды және лауазымды адамдар бола алмайды.

Шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын мемлекеттік органдар уәкілетті комиссияның келісімі бойынша белгілейді. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шетелдік жұмыскерлер қызметінің сапасы үшін дербес жауаптылық мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.

Мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеруінен өтуге тиіс.

Шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы