скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігімен анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, соның бірі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін кеңейту болып табылады. Осыған байланысты Агенттік 2016 жылы заңнамаға сәйкес «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» ұғымына жататын 200 «жасырын» қызметтерді анықтады. Қазіргі таңда 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 816 Үкімет қаулыларымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 12 «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер енгізілді. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекуті туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасына 24 «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер енгізілді. «Жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы