скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ 6-БАБЫ 2-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ АЗАМАТТАР ҚАБЫЛДАНА АЛМАЙДЫ

 

«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ

6-БАБЫ 2-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ АЗАМАТТАР

ҚАБЫЛДАНА АЛМАЙДЫ:

 

1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;

2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар;

2-1) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;

3) қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;

5) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

6) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан келесі мән-жайлар негізінде босатылған:

- егер рақымшылық жасау актiсi жасалған іс-әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, соның салдарынан;

- қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;

- iс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық заң тыйым салатын іс-әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса;

- қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;

- Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады.

- қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар (Қылмыстық-процестік кодексің 36-бабы)

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

9) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан

6-1) тармақта көрсетілген негізде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы