скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары

Кандидаттарға «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін қойылатын талаптар:

Екінші санаттың лауазымдарына (комитеттердің төрағалары) орналасу үшін:

1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2,

С-О-1, D-2, D-О-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департаменттерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда

1) тармақшада көрсетілген лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департаменттердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

Төртінші санаттың лауазымдарына (облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкімдері) орналасу үшін:

1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3,

D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқармаларының басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқармаларының басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда

1) тармақшада көрсетілген лауазымдарда кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департаменттердің басшыларынан және оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не штат санының жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

Ескерту.

* Қызметкерлердің орташа жылдық штат саны туралы мәліметтерді «А» корпусының кадр резервіне қосу үшін кандидаттар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан құжаттарды беру жолымен растайды.

** Ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілер туралы мәліметтерді «А» корпусы кадр резервіне қосу үшін кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттарды беру жолымен растайды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы