скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жариялайды.

Іріктеу 136 аспайтын адамды, оның ішінде:

-       2-санат бойынша – 10 аспайтын адамды;

-       4-санат бойынша – 126 аспайтын адамды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін өткізіледі.

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды іріктеу 3 кезеңде жүзеге асырылады:

1)  кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;

2)  кандидаттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрастырған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі және жеке басының қасиеттерін бағалау, логика, ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу;

3)  Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органы жасаған кестелерге* сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.

* Орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында мемлекеттік лауазымдарды атқаратын, төртінші (облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкімдері) санаты бойынша «А» корпусының кадр резервіне алу үшін кандидаттар өз таңдауы бойынша облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында әңгімелесуден өтеді.

Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік лауазымдарды атқаратын кандидаттар олардың жұмыс орны бойынша облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларында әңгімелесуден өтеді.

Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын кандидаттар олардың тіркелген  орны (тіркелім) бойынша облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларында әңгімелесуден өтеді.

Ұлттық комиссияда әңгімелесуді өткізу кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Кандидаттарға «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін қойылатын талаптар:

Екінші санаттың лауазымдарына (комитеттердің төрағалары) орналасу үшін:

1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2,

С-О-1, D-2, D-О-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департаменттерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда

1) тармақшада көрсетілген лауазымдарда кемінде бір жарым жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департаменттердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

Төртінші санаттың лауазымдарына (облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкімдері) орналасу үшін:

1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3,

D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқармаларының басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқармаларының басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда

1) тармақшада көрсетілген лауазымдарда кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департаменттердің басшыларынан және оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не штат санының жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

Ескерту.

* Қызметкерлердің орташа жылдық штат саны туралы мәліметтерді «А» корпусының кадр резервіне қосу үшін кандидаттар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан құжаттарды беру жолымен растайды.

** Ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілер туралы мәліметтерді «А» корпусы кадр резервіне қосу үшін кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттарды беру жолымен растайды.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  жеке куәлігінің көшірмесі;

2)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  22 қарашадағы № 64 бұйрығымен белгіленген нысандағы өтініш;

3)  бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

4)  нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы   22 қарашадағы № 64 бұйрығымен белгіленген нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;

6)  «А» корпусының кадр резервіне кандидаты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіптік және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсыным хаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

7)  өмірбаян;

8)  құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органнан соттылықтық болмауы (болуы) туралы анықтама.

9)  Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

Ұсынымхаттың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының    2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығымен белгіленген құжаттардың нысандары  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында: «А» корпусы». Құжаттар нысандары» бөлігінде орналасқан.

Ұсынымхатты беру құқығына:

1) мемлекеттік саяси қызметшілер;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, мәслихаттарының хатшылары;

3) лауазымға тағайындау және босату құқығына ие «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;

4) Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институты басқармаларының төрағалары ие болады.

Лауазымға тағайындау және босату құқығына ие мемлекеттік орган басшылары мен саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, жоғарыда көрсетілген адамдар «А» корпусының кадр резервіне бір іріктеудің шеңберінде бесеуден аспайтын кандидатты ұсынуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері 2017 жылғы «4» қыркүйектен бастап «15» қыркүйекті қоса алғанда құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерін анықтау оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.

Құжаттар қолма-қол, поштамен немесе kyzmet_a@kyzmet.gov.kz электрондық пошта арқылы қабылданады.

Аумақ

Мекенжайы

1. 

Орталық аппарат,

Астана қ. бойынша департамент

Астана қ. Абай к., 33 а

2. 

Алматы қ. бойынша департамент

Алматы қ, Сейфуллин д., 555

3. 

Ақмола облысы бойынша департамент

Көкшетау қ, Абай к., 87

4. 

Ақтөбе облысы бойынша департамент

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан д., 40

5. 

Алматы облысы бойынша департамент

Талдықорған қ., Қабанбай батыр к., 36/42 А

6. 

Атырау облысы бойынша департамент

 

Атырау қ., Азаттық к., 134 А

7. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент

Орал қ, Достық д., 201

8. 

Жамбыл облысы бойынша департамент

 

Тараз қ., Төле би к., 35

9. 

Қарағанды облысы бойынша департамент

Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 39

10.             

Қостанай облысы бойынша департамент

 

Қостанай қ., Қасымқанов к., 34

11.             

Қызылорда облысы бойынша департамент

Қызылорда қ., Бейбарыс Сұлтан к.,

1-құрылыс

12.             

Маңғыстау облысы бойынша департамент

Ақтау қ., 31А шағын ауданы, 5

13.             

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент

Шымкент қ., Тәуке хан д., 3

14.             

Павлодар облысы бойынша департамент

 

Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5 А

15.             

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент

Петропавл қ., Казахстан Конституциясы к., 38

16.             

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент

Өскемен қ., Тәуелсіздік д., 4



Құжаттарды қабылдағанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі. Құжаттар поштамен ұсынылғанда, оларды тіркеу туралы қолхат жіберушінің пошталық мекенжайына жолданады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тест басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестке жіберілмейді.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсының  «А» корпусы» бөлімінде және мына телефондар бойынша алуға болады:

Аумақ

Телефон нөмірлері

1.                 

Астана қ.

8 (7172) 57 34 12, 76 79 45

2.                 

Алматы қ.

8 (727) 254 90 20, 254 90 23, 254 90 30, 254 90 53, 254 90 40, 254 90 00

3.                 

Ақмола облысы

8 (7162) 50 26 77, 51 81 32

4.                 

Ақтөбе облысы

8 (7132) 55 09 60, 55 08 75

5.                 

Алматы облысы

8 (7282) 60 97 83, 60-97-81

6.                 

Атырау облысы

8 (7122) 45 65 36

7.                 

Батыс Қазақстан облысы

8 (7112) 50 94 46, 50 02 81, 50 94 12

8.                 

Жамбыл облысы

8 (7262) 43 88 21, 43 88 26

9.                 

Қарағанды облысы

8 (7212) 50 40 23

10.             

Қостанай облысы

8 (7142) 39 35 56, 39 16 64

11.             

Қызылорда облысы

8 (7242) 70 56 26

12.             

Маңғыстау облысы

8 (7292) 30 30 39

13.             

Оңтүстік Қазақстан облысы

8 (7252) 53 70 89, 53 61 13, 53 63 37

14.             

Павлодар облысы

8 (7182) 20 83 41, 20 83 61

15.             

Солтүстік Қазақстан облысы

8 (7152) 46 58 08, 50 18 21

16.             

Шығыс Қазақстан облысы

8 (7232) 76 50 23, 76 50 91

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы