скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

«А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

«А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  жеке куәлігінің көшірмесі;

2)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығымен белгіленген нысандағы өтініш;

3)  бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

4)  нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5)  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  22 қарашадағы № 64 бұйрығымен белгіленген нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;

6)  «А» корпусының кадр резервіне кандидаты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіптік және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсыным хаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

7)  өмірбаян;

8)  құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органнан соттылықтық болмауы (болуы) туралы анықтама.

9)  Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

Ұсынымхаттың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының    2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығымен белгіленген құжаттардың нысандары  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында: «А» корпусы». Құжаттар нысандары» бөлігінде орналасқан.

 Ұсынымхатты беру құқығына:

1) мемлекеттік саяси қызметшілер;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, мәслихаттарының хатшылары;

3) лауазымға тағайындау және босату құқығына ие «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;

4) Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институты басқармаларының төрағалары ие болады.

Лауазымға тағайындау және босату құқығына ие мемлекеттік орган басшылары мен саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, жоғарыда көрсетілген адамдар «А» корпусының кадр резервіне бір іріктеудің шеңберінде бесеуден аспайтын кандидатты ұсынуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері 2017 жылғы «4» қыркүйектен бастап «15» қыркүйекті қоса алғанда құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерін анықтау оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы