скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылда орындалу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылда орындалу барысы туралы
АҚПАРАТ
 
2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен 37 іс-шаралар іске асырылуы жүзеге асырылды.
 
Жоспардың 5 – тармағы.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша олармен қабылданатын шаралар туралы ведомстволық интернет-ресурстарда арнайы бөлімдердің қызмет етуі бойыша жұмыс жүргізіледі және тұрақты негізде оларды тиісті ақпаратпен толтыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында тиісті сілтемелердің бар болуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша актуалды ақпаратпен оларды сапалы толтыруына мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік органдардың барлық сайттарында тиісті бөлімдер әртүрлі сілтемелерде орналасқан және оларды іздеуге қиындық тудыратынын 2016 жылдың интернет-ресурстардың мониторингі көрсетті. Осыған байланысты, атаулар мен сілтемелердің орналасуының біріңғайлығын қамтамасыз ету қажеттігі туралы хатты (2016 жылғы 22 маусымдағы № 04-2-6/3196) Агенттік орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мекен жайына жолдады.
Сондай-ақ , ақпаратты уақытылы өзектендендіруді қамтамасыз ету және интернет-ресурстарды ағылшын тілінде жүргізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылып, яғни мемлекеттердің бағалауы мен рейтингілеуін жүзеге асыратын шетелдік сарапшылар үшін ақпараттың қолжетімділігіне ықпал ететін болады.
 
Жоспардың 10 – тармағы.
Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрліктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросымен Президент әкімшілігіне (бұдан әрі – МҚІМ ҰБ) өтелген залалдың көлемінен пайыздық қатынаста сыбайлас жемқорлыққа күресте өзге тәсілмен көмек көрсеткені және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға ақшалай сыйақы көлемін қайта қарастыру мақсатқа сай еместігі туралы ұсынысты (2016 жылғы 11 наурыздағы № 3-6/952) енгізді. МҚІМ ҰБ пікір бойынша қайтарылған залалдың көлемінен пайыздық қатынаста ақшалай сыйақыны соммасын бекіту, патриоттық сезімнің, жан-дүниесінің бағалауына және әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділігін» дамуына кедергі келтіретін болады.
 
Жоспардың 11 – тармағы.
Шекаралық бақылау бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтау тиісті нормалары уәкілетті мемлекеттік органдармен әзірленді және бекітілді (2016 жылғы 7 сәуірдегі № 34-ҚБПҮ ҰҚК, 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 ІІМ, 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 655 (белгіленген тіркеу рәсімдерін сақтамау себебі бойынша қайта бекіту жүзеге асырылады) ҚМ бұйрықтары).
 
Жоспардың 12 – тармағы.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы келесі үш мемлекеттік қызмет бойынша құжаттарды қабылдау және беру функцияларын халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру жөніндегі ұсыныстар Инвестициялар және даму министрлігімен Ұлттық экономика министрлігіне:
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру»;
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»;
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» енгізілді.
Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы келесідей мемлекеттік қызметтер:
«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»;
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»;
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» көрсетіледі.
 
Жоспардың 13 – тармағы.
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен байланысын шектеу мақсатында салықтық және кедендік әкімшілендіру процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру бойынша Қаржы министрлігімен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік кіріс органдарымен көрсетілетін 52 мемлекеттік қызметтің 34 қызметі электронды форматта көрсетіледі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын қалған 18 қызмет Мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2016 жылғы шешімімен автоматизациялау және аталған мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге мүмкін емес деп танылды). Сондай-ақ, қазіргі уақытта қағаз нысанымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Біріккен ұлттар ұйымымен бірлесіп тауарларды кедендік тазалау бойынша мемлекетік қызметті автоматтандыру үшін кедендік рәсімдерді модернизациялау жобасы іске асырылуда және ASYCUDAWorld платформасында Кедендік салықтық әкімшілендіру автоматтандырылған жүйесінің (АСТАНА-1) ықпалдастырылған кедендік компоненті ендірілуде. 2016 жылғы 18 қазаннан бастап Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысында тестілеу режимінде аталған жүйені пилоттық қолдануы басталды. 2016 жылғы 24 қарашада мемлекеттік кіріс барлық аумақтық органдары бойынша пилоттық қолдануды жүргізу кестесі бекітілді. 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 32-р Премьер-министрдің өкімімен бекітілген Кедендік әкімшілендіру оңайлату бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «АСТАНА-1» АЖ 2017 жылдың шілдесінде өндірістік қолданысқа енгізу жоспарланды.
 
Жоспардың 14 – тармағы.
Білім және ғылым министрлігімен мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау жүзеге асырылды (2016 жылғы 17 шілдеде және 8 қыркүйекте Үкіметке ұсыныстар енгізілді). Пысықтау нәтижесі бойынша техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет санатына ауыстыру ұсынылды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігімен Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп, аталған қызметті мемлекеттік санатына ауыстыру бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде.
 
Жоспардың 15 – тармағы.
Мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың есептілікті және ақпаратты монополияға қарсы органға ұсынуын электрондық нысанға көшіру мәселесі жөніндегі ұсыныстар Ұлттық экономика министрлігімен пысықталды және Үкіметке енгізілді (2016 жылғы 20 маусымдағы № 38-01/11154//234 (15-т.) шығыс хаты). Енгізілген ұсыныстарға сәйкес тиісті есептілікті және ақпараттың ұсынылуын электрондық нысанға көшіру, жаңа сервистік модельмен «Монополистердің қызметін мониторингілеу бойынша электронды мәліметтер базасы» (Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің кейбір функцияларын автоматтандыру жоспарлануда, сондай-ақ табиғи монополиялардың және реттелетін нарық субъектілерінің өтініштері (тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекіту) мен есептерін электронды форматта ұсынуды ұйымдастыру) ақпараттық жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы жүзеге асыру көзделеді.
 
Жоспардың 16 – тармағы.
Бағалардың модулін енгізу «Электронды мемлекеттік сатып алулар» (бұдан әрі – АБАЖ ЭМС) Автоматтандырылған біріктірілген ақпараттық жүйе ауқымды жұмысты талап етеді. Осыған байланысты аталған шара «2016-2017 жылдрға АБАЖ ЭМС дамыту» ТЭО қосылған және 2017 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда.
АБАЖ ЭМС бағаларының модулі мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша нақты бағаларға тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің классификаторына бекіту негізінде орташа бағаларды қалыптастыруды көздейді.
 
Жоспардың 17 – тармағы.
Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен тарифтік ауысымды, тарифті немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде табиғи монополия субъектілерінің өтініміне тіркелетін құжаттар тізімін 20 құжатқа дейін қысқартуды көздейтін табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2013 жылғы 17 шілдедегі «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» № 213-НҚ бұйрығына өзгерулер енгізілді.
 
Жоспардың 18 – тармағы.
(2015 жылы орындалған, Президент Әкімшілігіне 2016 жылғы 14 наурызда № 23-12/01-52//986 (2 т.) ақпарат берілген).
 
Жоспардың 19 – тармағы.
Білім және ғылыми министрлігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығымен мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту Ережесі бекітілді. Одан бөлек, Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 171 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары Ережелерімен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылары Реестрінде тұратын орта білім беру мекемелерінде оқитындарға тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды жеткізіп беретіндерді таңдаудағы конкурстарға қатысуға тиым салынған.
 
Жоспардың 20 – тармағы.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін декларациялауды, оның ішінде мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті жауапты мемлекеттік лауазымдағылармен және оларға теңестірілгендермен, сондай-ақ олардың жұбайларымен жылжымайтын мүлік, транспорт құралдарын, бағалы қағаздар сатып алуға шығын көздерін декларациялауды  кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған.
 
Жоспардың 26 – тармағы.
2016 жылдың 1 қаңтары мен 1 маусымы аралығында Агенттікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізілді.
Конкурсқа қатысу үшін 62 журналист 153 материал жолдаған (телеарналар – 24, газеттер – 100, ақпарат агенттіктері – 29). 2016 жылдың 23 маусымы күні үш номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Мәселен, «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша М.Құрымбаева («Қазақстан-Павлодар» телеарнасы) жеңіске жетсе, «Үздік баспа басылымы» номинациясында О. Семенова («Казахстанская Правда» газеті) бірінші орын алды. Ал, «Үздік интернет жарияланымы» номинациясы бойынша жеңіске Г.Көшерова («Сақ kz» инернет газета) жетті.
 
Жоспардың 29 – тармағы.
(2015 жылы орындалған. 2016 жылғы 14 наурыздағы № 23-12/01-52//986 (2 т.) хатпен ақпарат Президент Әкімшілігіне ұсынылған).
 
Жоспардың 30 – тармағы.
(2015 жылы орындалған. 2016 жылғы 14 наурыздағы № 23-12/01-52//986 (2 т.) хатпен ақпарат Президент Әкімшілігіне ұсынылған).
 
Жоспардың 31 – тармағы.
2015 жылы Білім және ғылым министрлігімен:
- студенттердің сабағын;
- гранттарды үйлестіру;
- жатақханада орындарды бөлу;
- студенттер контингенті әрекеті туралы ақпараттарды тиісті интернет-ресурстарда орналастыруды қарастыратын онлайн-порталдарды толтыру бойынша әдістемелік ұсымыдар мен критерилер дайындалды. Қазіргі уақытта ЖОО-мен интернет-ресурстарын жоғарыда аталған әдістемелік ұсынымдарға сәйкестендіру бойынша жоспарлы жұмыстра жүзеге асырылуда (аталған жұмыс 53 ЖОО-да аяқталды).
 
Жоспардың 33 – тармағы.
Энгергетика және ауылшаруашылығы министрліктерімен 2016 жылдың 30 маусымында дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша мұнай өңдеу зауыттарына жауапты облыстардың кестесі бекітілген.
 
Жоспардың 40 – тармағы.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Заңын жүзеге асыру шеңберінде құқық қорғау органдарының басшыларымен кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және кадрлық саясат субъектілері жұмыстарының сапасын бағалау әдістемесі, кәсіби құзыреттілікті анықтау, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері және көрсеткіш есептілігі ережесі мен әдісі, мансаптық өсудің жүйесі мен критерилері, сондай-ақ тиісті құқық қорғау органдарында тиісті кадрлық болжамды жүзеге асырудың әдістемесі бекітілген ведомстволық бұйрықтар қабылданған (БП 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №162 дсп, ІІМ 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998, МҚІМ 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №25, ҚМ 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрықтары).
 
Жоспардың 41 – тармағы.
Бас Прокуратурамен құқық қорғау органдары бірлесіп 2016 жылдың наурызында Халықтың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сенімін деңгейін арттыру және олардың қызметін бағалау критерилерін қайта қарастыру бойынша 2016-2017 жылдары тиісті 14 іс-шараны жүзеге асыруды қарастыратын Ведомстоаралық жоспар бекітілген.
 
Жоспардың 42 – тармағы.
Құқық қорғау органдарының басшыларымен құқық қорғау қызметіне қабылданатын үміткерлерді іріктеу және алдын ала зерттеуді жүзеге асыру Ережесі бекітілді (БП 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №156, ІІМ 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №1000, ҚМ 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 720, МҚІМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 17 бұйрықтары). Жоғарыда көрсетілген бұйрықтар төменнен жоғары лауазымдарға жылжыту жолымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсуін ынталандыру механизмін, қызметтерінің нәтижелеріне сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерін мансаптық жоспарлау жүйесін (кәсіби құзыреттіліктерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттіліктің есептік көрсеткіштерін анықтау Ережесі, Мансаптық өсудің жүйесі және өлшемі), сондай-ақ құқық қорғау органдарының кадрлық саясатына конкурстық іріктеу және меритократия қағидасы механизмін қарастырады (меритократия қағидасы бәсекеге қабілеттілік көрсеткшінің жүйесін енгізу жолымен жүзеге асырылған – кәсіби құзыреттіліктерге, сондай-ақ лауазымдар үшін негізгі көрсеткіштерге және кәсіби жетістіктері туралы объективті мәліметтерге негізделген кандидаттың және қызметкердің кәсіби потенциалының сандық өрнегін дұрыстау).  
 
Жоспардың 43 – тармағы.
Президенттің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 Жарлығымен құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу рәсімі жетілдірілді (аттестация кезінде әңгімелесудің тәртібі талданды). Одан бөлек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңымен 2016 жылдан бастап құқық қорғау қызметіне алғашқы рет орналасып отырған тұлғаларды қабылдаудың тәртібі өзгертілген.Жаңа енгізілімге сәйкес заңнаманы білуге тестілеу, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау Агенттікте жүзеге асырылады. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Заңымен, сонымен қатар оны жүзеге асыру үшін қабылданған құқық қорғау органдарының ведомствалық актілерімен кадрлық резервті қалыптастыру үрдісі жетілдірілген.
 
Жоспардың 44 – тармағы.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Министрлігімен Жоғарғы сотпен, Бас Прокуратурамен, қаржы және ішкі істер министрліктерімен бірлесіп 2016 жылдың наурызында 12 іс-шараның жүзеге асырылуын қарастыратын соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2016 жылға арналған профилактикалық іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын бекітілді.
 
Жоспардың 45 – тармағы.
Ұлттық экономика министрлігімен құқық қорғау органдарымен бірлесіп  Президент Әкімшілігіне сіңірген еңбегінің нәтижесі және материалдық ынталандыруда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу мәселесі бойынша ұсыныс енгізілді (2016 жылғы 30 маусымдағы № 17-6/11154//234 (45 т.). 
 
 
Жоспардың 46 – тармағы.
Агенттікпен құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқық қорғау органдары қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесін жетілдіру туралы ұсыныс дайындалды және Президент Әкімшілігіне енгізілді (2016 жылғы

29 желтоқсандағы № 04-1-5/2373)
 
Жоспардың 47 – тармағы.
Көші-қон полициясы үшін ақпараттық жүйе Ішкі істер министрлігімен өндірістік пайдалануға енгізілді (енгізу актісі 2016 жылғы 8 жетоқсаннан бастап). Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты сыртқы және ішкі миграциялық процестер туралы мәліметтер банкін қалыптастыру негізінде миграциялық бақылаудың тиімді механизмдерін енгізу, сондай-ақ «электронды үкімет» шеңберінде құрылатын ақпараттық жүйелермен және мәліметтер базасымен интеграциялық ынтымақтастық процестерін автоматтандыру жолымен көші-қон саясатын жетілдіру болып табылады.
 
Жоспардың 49 тармағы.
Ауқымды ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында 2016 жылдың 19 наурызында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру бойынша 2016 жылға арналған кешенді жоспар бекітілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында Агенттікпен және аумақты департаменттермен БАҚ-та 12 арнайы бағдарлама (репортаж), 12 ток-шоу, 19 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик жарияланды. Тұрақты негізде эфирге республикалық және жергілікті бағдарламалар шығып тұрды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде есепті Агенттікпен кезеңде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған 235 баспасөз-конференция және брифинг ұйымдастырылды, республикалық және жергілікті телеарналарда 1735-тен астам телесюжет көрсетілді, радиодан 468 ақпараттық хабарлама дыбысталды. Баспа БАҚ-тарында 3151 материал, оның ішінде 635 авторлық мақала жарияланды. Интернет-кеңістікте, ақпараттық агенттіктердің сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 8197 мақала мен жазба орналастырылды.
 Сондай-ақ, 2016 жылы БАҚ-та келесі мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 2573 материал жарияланды. Оның ішінде республикалық телеарналарда – 104 сюжеттер, баспа БАҚ беттерінде – 82 мақала, интернет-ресурстарда – 1246 жарияланым, жергілікті БАҚ-та – 1141 материалдар; Бас Прокуратурамен сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына 2979 іс-шара өткізілген, оның ішінде 29 конференциялар, 5 баспасөз-конференциялары, 224 семинарлар, 296 дөңгелек үстелдер; Қаржы министрлігімен БАҚ-та 1419 мақала жарияланған, 107 сұхбат берілген, радиодан 61 баяндама жасалынған, 1161 брифинг, семинар, «дөңгелек үстел», конференция өткізілген, 10 видео роликтің көрсетілуі қамтамасыз етілген; Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігімен 24 ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастырылып өткізілген.
 
Жоспардың 50 – тармағы.
2016 жылы азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-видео роликтерді көрсету бойынша шаралар қабылданды. Мәселен «Хабар», «Kazakh.tv» және «Хабар 24» телеарналарында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға болмайтындығын түсіндіру туралы видео роликтер көрсетілді. Одан бөлек, «Хабар» телеарнасында 2016 жылдың ақпан – қазан айларында «Жемқорлық» (61 рет) және «Жемқорлықпен күресті күшейту» (30 рет) видео роликтері көрсетілді.
 
Жоспардың 51 - тармағы.
«Астана» радиосының эфирінде «Право знать», «Әділет әлемі», «Заңгер кеңесі» және «Территория права» бағдарламаларының шеңберінде «Антикоррупционный формат», «Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» тақырыбындағы айдарлар бар. Баспа БАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 156 тұрақты айдарлар бар, оның ішінде республикалықта – 6, жергіліктегіде – 150. Сыбайлас жемқорлық қарсы тақырып бойынша «Жемқорлық-індет, жою міндет» («Егемен Қазақстан» газеті), «Закон  и порядок», «Панорама событий», «Мониторинг», «Актуально» («Казахстанская правда» газеті), «Право», «Преступление и наказание» («Юридическая газета» газеті), «Көзқарас», «Жемқорлық», «Қоғам» («Заң» газеті); «Суд да дело», «Злоба дня», «Скандал» («Время» газеті); «Саясат», («Айқын» газеті); «Социум» («Аргументы и факты» газеті); «Общество» («Литер» газеті) және т.б. айдарлар бар.
 
Жоспардың 52 – тармағы.
Агенттікпен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2016 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық және аумақтық комиссиялардың жұмыс жоспарларына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелерін қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.
 
Жоспардың 53 – тармағы.
Барлық жоғары оқу орындарында 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарлары бекітілді.
Агенттіктің Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі кейбір пәндердің оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптар енгізілді. 2016 жылдың оқу жылынан бастап мектептерде (жалпы білімдік «Әлем тану», «Адам. Қоғам. Құқық»), колледждер мен ЖОО-да («Құқық негіздері» міндетті пәні) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу және оқыту жүзеге асырыла бастады. ЖОО-да қосымша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасу негіздері» деп аталатын дербес моделді пән енгізілді. 2015-2020 жылдарға арналған «Тәрбиелеудің концептуалды негіздерін» жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке шақыратын дебат, пікірталас, патриоттық форумдар және басқа да акциялар өткізіле бастады. Агенттікпен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын балалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру шаралары бар тәрбиелік жұмыстар жүргізудің тәртібі анықталған тәрбиелеудің концептуалды негіздеріне сәйкес дайындалған рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мазмұнында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағдарламасы дайындалған. Сарапшының оң қорытындысы негізінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен аталған бағдарлама барлық орта білім беру мекемелеріне жүзеге асырылу үшін жолданды. Бағдарлама жаңа оқу жылының басында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын құруды және күнтізбелік іс-шаралар кешенін өткізуді көздейді. Қазіргі таңда «Адал ұрпақ» клубтарына енгендердің саны шамамен 750 мың оқушыны құрайды.
 
Жоспардың 55 - тармағы.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде Агенттіктің аумақтық бөлімшелерімен «Азаматтық бақылау» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру болып табылады. «Азаматтық бақылау» жобасы жұмысының нәтижесі бойынша (2016 жылдың тамызынан жүзеге асырылып келе жатқан) қоғамдық қабылдауларға 723 азамат шағымданған, арыз-шағымның негізгі тақырыбы ТКШ, жер қатынастары, білім салаларына қатысты. Одан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын тарта отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде 2016 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақ технология және бизнес университетінде (Астана қ.) «Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы өткізілді.
 
Жоспардың 56 - тармағы.
2016 жылы шет мемлекеттердің БАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар туралы келесі мақалалар жарияланды:
1) «Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жүйені ұсынды» (Әзірбайжан, 08.11.16 ж.);
2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар арқылы шетелдік инвестицияларды тарту» (АҚШ, 19.01.16 ж.);
3) «Қазақстан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша Грузияның деңгейінде» (Ресей Федерациясы, 29.04.16 ж.);
4) «Қазақстан экономиканы әртараптандыруға ден қоюда» (Бельгия, 20.03.16 ж.);
5) «Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстанда заңның алдыгда барлығы тең» (Ресей Федерациясы, 21.11.16 ж.).
 
Жоспардың 57 - тармағы.
Агенттікпен сыбайлас жемқорлық деңгейін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды бағалап және рейтинг қоюды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты түрде өзара әрекеттестік жүзеге асырылуда:
1) 2016 жылдың 1 наурызында Агенттіктің өкілдері «ОЭСР-дің қағидалары және табысты тәжірибелері» орталықтандыру бойынша семинарға қатысты.
2) 2016 жылдың 14 наурызында мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігін, әдеп бойынша уәкіл қызметінің тиімділігін арттыруға және мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған Clean Gov BizIntegrityScan зерттеуінің шеңберінде ОЭСР сарапшыларымен екіжақты кездесу өткізілді.
3) 2016 жылдың 18-22 сәуірі аралығында Париж қ. «ОЭСР адамгершілік апталығына» қатысу болды. Іс-шара барысында қазақстандық делегация елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын таныстырды.
4) 2016 жылдың 14-16 қыркүйек күндері Париж қ. жемқорлыққа қарсы әрекет етудің  Ыстамбұл жоспарының 17-ші мониторингтік және ОЭСР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарушылық тобының 21-ші  кездесуіне қатысу болды. Кездесу барысында ОЭСР ұсынымдарының орындалуына аралық бағалаулар берілді (19 ұсынымның 14-і бойынша прогресс байқалады).
5) 2016 жылдың 18-19 қазанында Париж қ. G20 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобымен кездесу болып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтасудың мәселелері қарастырылды.
6) «Транспаренси Казахстан»-мен бірлесіп «Транспаренси Казахстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі» Бағдарламасы іске қосылды. Аталған Бағдарламаның негізгі қатысушылары болып қызығушылық танытқан азаматтар, ЖОО, колледждердің және мектептердің оқытушылары мен ұстаздры, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер және жұмыс істейтін жастар табылады.
Бағдарлама Қарағанды (9-15 маусым 2017 ж.) және Ақтау (20-26 маусым 2016 ж.) қалаларында жүзеге асырылды.
Аталған Бағдарламаның шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеулер және мүдделердің қақтығысы туралы есептіліктер, лекциялар, саяси жемқорлық және лоббизм, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі туралы құралдар мен зерттемелер қарастырылды. Одан бөлек, «Транспаренси Казахстан»-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді:
2016 жылдың 25 сәуірінде Ұлттық экономика министрлігінде;
2016 жылдың 7 маусымында Инвестициялар және даму министрлігінде.
Аталған отырыстарда Елбасының бес институционалды реформаның жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа ережелері таныстырылды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған қабылданып жатқан заңдардың маңыздылығы түсіндірілді. 2016 жылдың 8 желтоқсанында Агенттікпен жетілдірілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жүзеге асырылу нәтижелерін кеңінен насихаттауға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа механизмдерін жүзеге асырудың практикалық тәжірибесі: жетістіктер мен халықаралық ынтымақтастық» халықаралық конференциясы өткізілді. Конференцияның жұмысына дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік қонақтар, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік секторды, азаматтық және академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы даму көрсетікіштерін жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді және осындай диалогтың ұйымдастырылуна алғыстарын жеткізді. 2016 жылдың 19-21 желтоқсан күндері Астана қаласында Агенттікпен ОЭСР және мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб бірлесіп «Жемқорлықты тергеу және қудалау: халықаралық ынтымақтастық, табыстарын тәркілеу және прокурорлардың тәуелсіздігі» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жүйесі құқық қорғау органдарының 7-ші отырысы ұйымдастырылды. Аталған отырысқа жемқорлықпен күрес жүргізіп келетін ОЭСР хатшылығының, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ Албания, Армения, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Грузия, Дания, Израиль, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Македония, Моңғолия, Румыния, Сербия, АҚШ, Украина, Өзбекстан, Франция, Хорватия, Черногория және Эстония елдерінің прокуратура органдары қатысты.
 
Жоспардың 58-тармағы.
2016 жылдың 1 қазаны күні Агенттікпен Президент Әкімшілігіне жемқорлыққа қарсы әрекет етудің  Ыстамбұл жоспарының шеңберінде ОЭСР ұсынымдарын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат енгізілді (№ 07-2-8/266). Жүргізілген талдауға сәйкес ОЭСР-дің 19 ұсынымының 5 бойынша маңызды прогресс күтілуде, 9 бойынша  – прогресс және 5 бойынша – прогресс жоқ.
 
Жоспардың 60-тармағы.
Агенттіктің 2015 жылғы 15 шілдедегі №211 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуына талдау және бағалау жүргізу үшін сыртқы мониторингтік топ құрылды (құрам 2017 жылғы 18 қаңтардағы №7 бұйрықпен жаңартылған).
Топтың құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының (4), мемлекеттік органдардың (4), қауымдастықтың (4), «Атамекен» Қлттық кәсіпкерлер палатасының (1) өкілдері кіреді. Топтың төрағасы – Н.Ерімбетов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті.
 
Жоспардың 61-тармағы.
Агенттікпен Жоспардың орындалуын үйлестіру жүзеге асырылады.
Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың мекен жайына Агенттікпен 2016 жылғы 23 мамырдағы № 04-2-8/2591 хатпен жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестердің жұмыс Жоспарына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелерін қосу туралы 52 тармақтың орындалуына сұрату жолданған. Сонымен қатар, Жоспардың 5 тармағын орындау мақсатында барлық мемлекеттік органдарға өздерінің интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға арналған арнайы бөлімдердің жұмыс істеуін қатамасыз ету қажеттігі туралы хат жіберліген (2016 жылғы 22 шілдедегі №04-2-6/3196, 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 04-3-11/2008 хаттар). Айта кету керек, 2016 жылы арнайы мониторингтік топтың 3 отырысы өткізіліп, отырып мемлекеттік органдардың аралық есептері қаралды және аталған шаралардың БАҚ жарияланды. Одан бөлек, 2016 жылдың 26 желтоқсанында Планның жүзеге асырылу барысы туралы есептік ақпарат Парламент Сенатында айтылды.
 
 
Жоспардың 62 тармағы.
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗБТ Президенті Н.Ерімбетовтың төрағалығымен 2017 жылдың 25 қаңтары күні 2016 жылға арналған Жоспардың жүзеге асырылуының қорытындысы қаралған сыртқы мониторингтік топтың отырысы өткізілді.
 
Жоспардың 63 тармағы.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру туралы есеп 2015 жылдың қортындысымен «Bnews.kz» ақпараттық ресурсына, сондай-ақ Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылды (12.04.2016 ж.).
 
Жоспардың 64 тармағы.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру туралы есеп 2015 жылдың қортындысымен республикалық «Егемен Қазақстан» (23.04.2016 ж.) және «Казахстанская Правда» (19.04.2016 ж.) газеттерінде орналастырылды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы