скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға іс-шаралар Жоспарының 2015 жылда орындалу барысы туралы есеп

<--break->

Үкіметтің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2015 жылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен 32 іс-шара жүзеге асырылды.

Жоспардың 1 тармағы.

Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №49 бұйрығымен энергетикалық және электрозертханалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу Ережесі бекітілген (2015 жыл 5 маусымда қолданысқа енгізілді).

Аталған Ережемен заңды тұлғамен ұсынуды қарастырады:

1) үшінші санат бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге аккредитация алу үшін – 5 міндетті құжат, бірінші және екінші санаттар бойынша – 6;

2) электрозертханалар аккредитациядан өту үшін – 6 міндетті құжат.

Одан бөлек, «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес (Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 ақпандағы №281 бұйрығымен бекітілген) өтінімдерді қабылдау және аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсеті кезінде энергетикалық сараптама өткізуге аккредитация алу үшін қажетті құжаттардың саны азайды, өйткені заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметі және электролабораторияны аккредиттеу туралы куәлігі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылады және «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Сонымен бірге, 2015 жылдың 6 қарашасында Парламент Мәжілісінің қарауына «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі хабарлама тәртібіне ауыстыруды, сондай-ақ «Электрозертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жоюды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы енгізілді.

Жоспардың 2 тармағы.

Ұлттық экономика министрлігімен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру бойынша инвестициялық ұсыныс жобасы дайындалды.

Ақпараттық жүйені камеральды бақылау, байланыс орталығы, тұтынушылар үшін ақпараттық-сараптамалық база, нормативтік құқықтық актілер базасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберіндегі ақпараттардың электрондық мұрағаты және тұтынушылардың «Жеке кабинетінің» модулі сияқты бірқатар жүйелер қалыптастырады.

Жобаның есепті құны шамамен 2 млрд. теңгені құрайды, тұтынушылардың саны жобамен – 2600 адам.

Ақпараттық жүйе арқылы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің функциялары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін автоматтандыру жоспарланған.

Инвестициялық ұсыныс жобасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетімен пысықталған (салалық қорытынды алынған).

Сонымен қатар, аталған ақпараттық жүйе құнының жоғары екенін және 2018 жылдың соңына дейін жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге мораторий жариялануын ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» автоматтандырылған жүйесін құру мәселесіне 2019 жылы оралуды мақсатты деп есептейді. 

Жоспардың 3 тармағы.

Мемлекеттік қызмет істрі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдармен қабылданатын шараларды олардың қызметінің бағалау бағыттарының бірі ретінде қосу туралы мәселе пысықталған, және тиісті ұсыныстар Президент Әкімшілігінің қарауына енгізілген.   

Бұл мәселе қолданыстағы мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін оңтайландыру бойынша Президент Әкімшілігінің стратегиялық зерттеу және талдау Орталығымен (бұдан әрі – СЗТО) жүргізілген кешенді жұмыс контекстінде пысықталған.     

Бағалаудың жаңа моделі ішкі процесстерді бағалаудан мемлекеттік органдардың нәтижелігін бағалауға және жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаларды енгізу тиімділігіне қайтабағытталып,  үш бағытта ұсынылған:

(1) стратегиялық мақсаттарға жету, (2) мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы, (3) азаматтармен өзара ынтымақтастығы. 

Бірінші бағыттың шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру мен бюджеттік қаржыларды игерумен байланыстыра отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарға жетуі бағаланатын болады.

Одан бөлек, объективтілікті арттыру үшін мемлекеттік органның әр саласын дамытуға қатысты тәуелсіз сарапшылар арасында сауалнама жүргізілетін болады.

Екінші бағытта мемлекеттік органның ресурстарды пайдалануына бағалау жүргізіледі, оның ішінде: бағынысты мекемелерді және олардың тиімділігі, ақпараттық жүйелерді пайдалануы мен функцияларды автоматтандыру, персоналды басқару, ынталандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы. 

Үшінші бағыт бойынша бағалау екі критерий бойынша жүргізілетін болады: мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бағалау және мемлекеттік органдардың ашықтығы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бағалау халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттануымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бақылануымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуының және оңтайландырылуының бақылануымен өлшенетін болады.

Бағалаудың жаңа моделінің негізгі тәсілдері модернизациялау бойынша Ұлттық комиссиямен мақұлданған.

Жоспардың 4 тармағы.

Табиғи монополияларды реттеу бойынша тарифтерді бекітудің тәртібін және басқа мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді оңтайландыру шеңберінде, Ұлттық экономика министрлігімен тиісті 8 ереженің күші жойылып, сондай-ақ 11 әдістеме жойылған.

Жоспардың 5 тармағы

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен ведомстволық интернет-ресурстарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша олар тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы арнайы бөлімдер құруда жұмыстар жүргізілген және оларды тұрақты түрде тиісті ақпараттармен толықтырып отыру жүзеге асырылып келеді.

Жоспардың 6 тармағы.

2015 жылғы 18 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Әскери полиция органдары туралы» Заңына сыбайлас жемқорлықты алдын алу және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша әскери полиция органдарына құқық беретін, сондай-ақ әскери бөлімдерде тексеру жүргізу және әскери мекемелерде әскери қызметшілер тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын орындау бойынша тиісті түзетулер енгізілген.

Одан бөлек, Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы дайындалды. Оның шеңберінде:

1) тізімі мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілетін, лауазымға тағайындалатын әскери қызметшілерге қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеуді қолдана отырып арнайы тексеру жүргізу;

2)  мемлекеттік әскери тапсырысты қалыптастыру және орналастыру процедураларын қайта қарау;

3)  қаруландыру және әскери техникаларды импорттауда отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер арасынан орындаушыларды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оларды өндірушілермен немесе оларды жеткізуге (жүзеге асыруға) уәкілетті мекемелермен реттеу.

Бұдан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша Ведомствоаралық комиссиямен «Әскери-техникалық мектеп» РМҚК оқуға түсу кезінде азаматтардың өтінімдерін қабылдау бойынша қызмет түрін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын (бұдан әрі – ХҚКО) мемлекеттік қызметтер тізіміне қосу мақұлданған.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігімен «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтарға дайындау» тиісті қызметін ХҚКО арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жатқызуды көздейтін 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалды.

Дегенмен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, «Әскери-техникалық мектеп» РМҚК оқуға түсушілер шақыру комиссиясында медициналық комиссиядан өтеді, өйткені әскери міндеттілерді денсаулығы бойынша әскери қызметке (шақыру комиссиясының айрықша құзыреті) жарамды-жарамсыз деп тану оқуға түсу үшін міндетті болып табылады.

Жоспардың 7 тармағы

Ішкі істер министрлігімен ХҚКО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша Ведомствоаралық комиссияның           (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қарауына «Өрттерді алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мекемелерде, тұрғынжайларда және нысандарда апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге құқылы мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерін аттестациялау» өрт сөндіру қауіпсіздігі шеңберіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша құжаттарды қабылдау және табыстау функцияларын ХҚКО-на беру туралы ұсыныс енгізілген.   

Сонымен бірге, Ведомствоаралық комиссия аталған мемлекеттік қызметтің 2015 жылы ХҚКО арқылы көрсетудің мақсатқа сай еместігі туралы шешім қабылдаған, өйткені Инвестициялар және даму Министрлігінің

2015 жылғы 17 сәуірдегі №461 бұйрығымен бекітілген ХҚКО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу Ережесіне сәйкес, ХҚКО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу аса қажетті мемлекеттік қызметтер бойынша жүзеге асырылады (жылына кемінде көрсетілетін 1000 қызмет).

Жоспардың 8 тармағы.

Депутаттардың бастамасы шеңберінде Парламент депутаттары Агенттікпен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жобасы әзірленіп, ол 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданды.

Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған.

Жоспардың 9 тармағы.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен:

1) Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

2) Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже бекітілді.

Бекітілген Ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;

8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Әдеп жөніндегі уәкіл тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін (құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан басқалары) орталық атқарушы органдарда, мемлекеттік органдарда, облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімі аппараттарында енгізіледі.

Жоспардың 18 тармағы (2015 жылы орындалған).

Ауыл шаруашылық министрлігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен Ветеренариялық (ветеренариялық-санитариялық) қағидалар бекітілген.

Жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімін сатып алған кезде сатып алушылардың (кәсіпкерлердің) ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында онда сатып алынған тамақ өнімінің күнін, түрін және мөлшерін сатып алушының (кәсіпкерлердің) тегін, атын әкесінің атын (бар болса), тамақ өнімінің межелі объектісін көрсете отырып, сатып алынған өнімнің қауіпсіздігін растайтын сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасын) алуына жол беріледі. 

Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізген уәкілетті адамның қолымен және ішкі сауда объектісінің сараптама зертханасының мөрімен расталады.

Жоспардың 26 тармағы.

Агенттік Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Журналистер одағымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбындағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау өткізді. Байқау 3 номинация бойынша өткізілді.

Осылайша, «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясында Е. Игисинов («24 kz» телеарнасы), «Үздік баспа жарияланымы» номинациясында

Г. Есмаханова («Балалық шақ» газетасы), «Үздік интернет жарияланымы» номинациясында А. Сатаева («Tengrinews.kz» ақпараттық порталы) жеңіпаз атанды.

 Байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні Орталық  коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылды.

Осындай байқаулар аймақтық деңгейде Агенттіктің аумақтық департаменттері тарапынан 2015 жылдың мамыр-желтоқсан айларының аралығында ұйымдастырылып өткізілді.

Жоспардың 27 тармағы.

Жоғары білім ақы төлеу үшін білім грантын тағайындау ережелері туралы 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу туралы Үкіметтің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №798 Қаулысымен жоғары оқу орындарында білім грантын тағайындау бойынша комиссия құрамына азаматтық қоғамдастық институттарының өкілдерінің, жоғары оқу орындары башыларының қосу сияқты сәйкесінше өзгертулер енгізілді.

Жоспардың 28 тармағы.

Коммуналдық тұрғын-үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, сондай-ақ тұрғын-үй алған азаматтардың тізімдері туралы ақпаратқа қол жеткізу ХҚКО, «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің интернет-ресурстары арқылы қамтамасыз етіледі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің интернет-ресурстарында қала және аудандық жерлердегі коммуналдық тұрғын- үй қорынан тұрғын үй алған және есепте тұрған азаматтардың тізімдері орналастырылған.

Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне жаңадан қойылған және кезектен алынып тасталған азаматтардың саны туралы, және де коммуналдық тұрғын-үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеуден бас тарту, оның себептері туралы ақпаратпен танысуға болады.

Жоспардың 29 тармағы (2015 жылы орындалған).

Депутаттардың бастамасы шеңберінде депутаттармен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы әзірленіп, ол 2015 жылғы 16 қарашада қабылданған.

Заң заңмен тыйым салынбаған кез келген әдіспен ақпарат алуға және таратуға әркімнің конституциялық құқығын iске асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Жоспардың 30 тармағы (2015 жылы орындалған).

Депутаттардың бастамасы шеңберінде депутаттармен «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобасы әзірленіп, ол 2015 жылдың 2 қарашасында қабылданды.

Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Жоспардың 32 тармағы.

Энергетика министрлігімен «Мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай операторын айқындау туралы» бұйрық жобасы әзірленіп және мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілген.

Алайда, Әділет министрлігі энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың осындай заңға тәуелді кесімдерді бекітуге құзыретінің болмауына байланысты бұйрықтың жобасын келісуден бас тартты.

Осы орайда, Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкесінше түзетулер әзірлеуде.

Жоспардың 33 тармағы.

2015 жылғы 15 маусымда Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұ.Қарабалинмен 2015 жылғы егіс жұмыстарына жанар-жағармайды жеткізу бойынша мұнай өңдеу зауыттарына тиісті жеткізу кестесін бекіткен.

Жоспардың 34 тармағы.

Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 246 бұйрығымен Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі (әрі қарай - Әдістеме) бекітілген.

Әдістеме әкімшілік шығындар мен үй-жайлар (пәтер) иелерінің кондоминиум объектісін басқарма мөлшерін қалыптастырудың ортақ тәсілдерін құруды көздейді.

Әдістемеге сәйкес:

1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлікті күтіп-ұстаудың шығындарына мынадай:

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге арналған;

жер учаскесін күтіп-ұстауға арналған;

коммуналдық қызметтерді тұтыну есебінің үйлерге ортақ есептеу аспабын сатып алу, орнату, пайдалану және тексеруге арналған;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауда тұтынған, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған;

алдағы күрделі жөндеуге жинаққа шығыстар қамтылады.

2. Меншік иесімен арадағы келісімде өзгеше көзделмесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстаудың шығыстарына үй-жай (пәтер) иесі ортақ мүліктегі үлестік мөлшеріне сәйкес жауапты.

3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге төмендегілерді құрайды:

жертөле үй-жайларын және ортақ пайдаланылатын басқа жерлерді дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау бойынша қызметтер;

өртке қарсы жабдықтарды күтіп-ұстауды қоса алғанда, өтке қарсы іс-шараларға, өрт сөндіргіштерді сатып алуға және зарядтауға, арнайы жазбалар, көрсеткіштер жазуға, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын ресімдеуге және т.с.с. қызметтер;

орталық жылу жүйесіне қызмет көрсету, сумен жабдықтау, су бұру, ортақ пайдаланылатын жерлерді электрмен жабдықтау, желдету және жылыту маусымына дайындау;

апаттық жағдайларды қалпына келтіру бойынша қызмет;

шағын сәулеттілік нысандарды және қоршауларды ағымдағы жөндеу және әрлеу.

4. Жер учаскесін күтіп-ұстауға шығыстары қамтылады:

көгалдандыру бойынша қызмет (отырғызу, баптау, гүлзарларды және жасыл екпелерді кесу);

қоқыс құбырын, үй маңы аумағын санитарлық тазалау, қоқыстарды (үйдің кәріз жүйесі емес – қазылған шұңқырларды, ауладағы қалдықтарды тазалау) қар мен жапырақтарды шығару;

ортақ пайдаланылатын жерлерге санитарлық тазалық жүргізу бойынша қызметтер шығыстар қамтылады.

5. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жинақтық шығындарына тисті республикалық бюджет туралы заңда қаржы жылы белгіленгенге пайдаланылатын үй-жайдың (тұрғын үй емес) бір шаршы метріне есептелген ай сайынғы көрсеткіштің 0,02 мөлшерінен төмен емес сумманы құрайды. Шешімге үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысында қабылданады.

6. Басқару функцияларын жүзеге асыруға:

кондоминиум объектісін басқару органы басшылары мен қызметкерлеріне еңбек ақы төлеуге арналған;

жалақы есептеу (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар);

кеңсе тауарларына, ұйымдастыруына, техникаларына және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар қамтылады.

Жоспардың 35 тармағы.

Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтері, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін компьютерлік тестілеу мен біліктілік емтихандары рәсімдерінің ашықтығын арттыру және тестілеу мен емтихандарды аудио-видео жазбамен іске асыру арқылы көру мақсатында Ұлттық банкпен 2015 жылдың 31 желтоқсанында «Ұлттық банктің интернет-ресурсында компьютерлік тестілеу және біліктілігік емтиханы рәсімдерін онлайн-трансляциялау туралы» №551 бұйрыққа қол қойылған (2016 жылдың 1 сәуірінен күшіне енеді).

Жоспардың 36 тармағы.

Несиелік процесстерді оңтайландыру және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді қаржылық қызметтерге қол жеткізуін кеңейту, сондай-ақ қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету аясында Ауыл шаруашылығы министрлігімен несиелік өтінімдерді жинақтау және өңдеу жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) арқылы құжаттарды беру электрондық қызметі әзірленді – www.credit.kazagro.kz.

Жүйе 3 еншілес компанияларда енгізілді: «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ, сондай-ақ,  «ҚазАгроҚаржы» АҚ - лизинг бағдарламасы бөлігінде.

2015 жылдың 31 желтоқсанында Жүйені тәжірибелі қолданысқа енгізу актісіне қол қойылған.

Жоспардың 37 тармағы.

Соттарға қойылатын талаптарды қатайту бойынша жүйелі шаралар заңнамамен реттелген, оның ішінде келесі мәселелер бойынша:

1)  сотқа үміткерлерді даярлау және іріктеу;

2)  жоғарғы сот лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және жұмыс істеу;

3)  қазіргі соттардың қызметін және жауапкершілігін бағалау.

1. «Жоғары Сот Кеңесі, соттардың сот жүйесі және мәртебесі мәселелері бойынша кейбір конституциялық заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Конституциялық заңымен сот лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен үміткерлерді іріктеу тетігі  күшейтілген.

Яғни, үміткер негізгі міндеті төмендегіні анықтау болып табылатын полиграфологиялық зерттеуден өтетін болады:

1) заңға қайшы ниеті;

2) мінез-құлқының жасырын бұзылуы, жағымсыз тәуелділігін, психикалық және физикалық тәуелділікке душар ететін есірткі, психотропты және басқа да психоактивті заттарды қолдануы;

3) анкеталық мәліметтерді, кірісі туралы және мүліктік негіздегі міндеттемелерін, қос азаматтығының жасыруы немесе бұрмалауы, жалған құжаттарды пайдалануы;

4) осыдан бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасау фактілерінің болуы, басқа тұлғаларға құпия болып табылатын немесе қызметтік ақпараттарды беруі;

5) рұқсат етілмеген қоғамдық ұйымдармен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланысын немесе коммерциялық құрылымдарда қатысуы, егер ол бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса;

6) лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану.

Жоғарыда аталған Конституциялық заңмен енгізілген түзетулерге сәйкес, аудандық соттардың судьялары болып бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар сот отырыстарының хатшысы ретінде, прокурордың, адвокаттың консультанты (көмекшісі) немесе заңгер мамандығы бойынша он жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін.

Осылайша, бұрын тексерулердің рәсімдерінен бірнеше рет өткен, жемқорлыққа қарсы тұруға қабілеті бар мемлекеттік қызметкер және тәжірибелі заңгерлер судья бола алады.

Сонымен қатар, негізгі жұмыс орны сақтала отырып, сот лауазымдарына үміткерлер үшін сотта қаржысы төленетін бір жылдық тағылымдама енгізілуде.

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша судья лауазымына үміткердің жұмысқа жарамдылығын анықтау мақсатында кәсіби, жеке-психологиялық және адамгершілік қасиеттері бойынша шешім қабылданады.

Мемлекеттің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша Ұлт Жоспарының 18 қадамын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру қарастырылған.

Сот төрелігі академиясының қызметі мақсатты құқық магистрлерін болашақ судьяларды, сот жүйесінің кадрлық резерві ретінде дайындауға бағытталатын болады.

2. «Сот жүйесі және Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң)

17 бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кадрлық резервпен жұмыс істеу тәртібі өзгерді.

Аудандық сот төрағасы, облыстық соттың төрағасы және сот алқаларының төрағалары, соттар және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадрлық резерв Жоғарғы Сотпен және Жоғары Сот Кеңесімен бірге қалыптастырылады.

3. 2016 жылдан соттардың кәсіби қызметін бағалау енгізілді.

Бірінші бағалау судья лауазымында жұмыс істеген бір жылдың қорытындысы бойынша, одан кейін әр бес жыл сайын, сондай-ақ жоғары тұрған инстанциялардың судья, сот төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымдарына конкурсқа қатысу кезінде жүргізіледі.

Судьялардың қызметі келесі критерийлер бойынша Сот төрешілерімен бағаланады:

1) сот төрелігі сапасының көрсеткішітері;

 2) сот этикасы нормаларын және еңбек тәртібін сақтау.

 Соттардың кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусы құрамының сапасын арттыруға, кәсіби біліктілік деңгейінің жоғарылауын ынталандыруға, істерді қарау кезінде заңдылықтың үстем болуына жауапкершілігін көтеру, азаматтардың құқығын және қоғамның мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жемқорлыққа бейім соттардың санын азайтуға бағытталған.

Жоспардың 38 тармағы.

Ішкі істер министрлігінің 2015 жылдың 9 желтоқсандағы енгізу актісімен «Кадрлар» бағдарламалық қамтамасыз ету автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тестіленген және тәжірибелік-өндірістік эксплуатациясына енгізіліп, оған есептің келесі модульдері енеді:

1) ІІО қызметке кадрлық резервіне іріктелген үміткерлер;

2) ІІО-ның кадрлық іріктеуге алынған қызметкерлер.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру аясында Ішкі істер министрлігімен:

1) Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомствалық деректер банкімен жұмыс істеу ережесі (2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 977 бұйрық);

2) Үміткерлердің деректер банкін қалыптастыру және онымен жұмыс жасау ережесі (2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрық) әзірленді және бекітілді.

Жоспардың 39 тармағы.

Ішкі істер министрлігімен ішкі істер органдары қызметкерлерін олардың аттестациядан өту кезінде тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген.

Бағдарламалық қосымша сынақтан өткізіліп, 2015 жылдың 31 шілдесінде өткізу-қабылдау актісімен өндірістік-тәжірибелік қолдануға қабылданды.

Аталған бағдарламалық қосымша арқылы Конституцияны, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ІІО қызметкерлерінің ар-намыс Кодексі, сондай-ақ, логикалық қабілетіне тестілеу жүргізіледі.

Жоспардың 49 тармағы.

Ауқымды ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша іс-шаралардың қадамдық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

Жоспарды орындау мақсатында Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерімен бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Эфирде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру тақырыбын қозғайтын республикалық бағдарламалар тұрақты түрде көрсетілді.

Мысалы, КТК» телеарнасының эфирінде «Слуги народа» және «Главная редакция», «24KZ» телеарнасында «Мұрат Әбеновпен әңгіме», «Бюро Расследований» және «Компаниялар жаңалықтары», «Қазақстан» телеарнасындағы «Сіз не дейсіз?» және «100 сұрақ жауап» бағдарламаларын, сондай-ақ «Еуразия» бірінші арна» эфирінде «112» айдарын атап өтуге болады.

Республикалық «Время», «Экспресс К» және «Жас Алаш» сияқты баспалық БАҚ-да жемқорлыққа қарсы карикатуралар, айдарлар, коллаждар, инфографикалар жарияланады.

«Юридическая газета», «Заң газеті» және «Человек и закон» мамандырылған газеттері жемқорлық қылмыстарды ашу барысы және жалпы күрес әдістері тұрақты түрде жариялап тұрады.

БАҚ-да Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру, жоғары сапалы кадрлық құрам қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі түсіндірулер қарастырылды, сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан бастап аталмыш тақырыптар бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-да 20-дан астам спикерлердің баяндамалары жарияланды: ҚР Президенті Н. Назарбаев, Премьер-Министр К. Мәсімов, ҚР Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Б. Сағынтаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Б. Бәйбек, Жоғарғы сот төрағасы Қ. Мәми, Парламент депутаттары В. Косарев, Е. Шпанов, Ж. Жарасов, А. Қоңыров және т.б.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы нәтижесінде Агенттікпен 2015 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық және аймақтық телеарналарда 3 369 сюжет, радиодан 4 840 ақпараттық хабарлар таратылды.

БАҚ баспаларында 6  135 мақалалар  жарияланды, интернет-кеңістікте және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ, ақпараттық агенттік сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 8 549 мақалалар мен ақпараттар орналастырылды.

2015 жылдың жұмыс нәтижесі бойынша Бас Прокуратурамен жемқорлықтың алдын-алу бойынша 15 баспасөз-конференция ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру қызметі келесі мемлекеттік органдармен белсенді жүргізілді:

Бас прокуратурамен (жемқорлықтың алдын-алу бойынша 15 баспасөз-конференция, республикалық және аймақтық БАҚ-да  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 1567, олардың ішінде 518 баспа мақалалары, телеарналар бойынша – 271, радио бойынша – 282, ақпараттық агенттіктерде – 299, ведомствалық сайттарда – 197 ұйымдастырылған);

Жоғары Сотпен («You Тube» әлеуметтік желісінде 12 бейнеролик түсірілді және көрсетілді, БАҚ-да 15 жарияланым шыққан);

Әділет министрлігімен (45 мақала жарияланған, республикалық және аумақтық каналдарда 13 теле және 15 радио бағдарламалар шықты).

Жоспардың 50 тармағы.

2015 жылы азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі деректі, көркем фильмдерді, арнайы дыбыс-, бейнероликтерді жасауды және трансляциялау бойынша іс-шаралар қабылданды.

«Қазақстан» телеарнасы эфирінде «Қылмыспен жаза» бағдарламасы аясында 2015 жылдың 17 маусымында «Сыбайлас жемқорлық» (хронометраж – 20 минут) деректі фильмнің көрсетілуі ұйымдастырылды.

031 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру» бағдарламасы шеңберінде «Шырғалаң» және «История одного отката» телехикаялардың түсірілуі аяқталып, Қазақстан» телеарнасында 2016 жылдың 14 қаңтарынан және «7 канал» телеарнасынан 2015 жылдың 12 желтоқсанынан көрсетілуде.

Сонымен бірге, «Астана» телеарнасында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап жемқорлықпен күрес тақырыбында «Репортёр представляет» журналисттік зерттеулер циклы – арнайы бағдарлама көрстетілуде.

2015 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлескен осы кезеңдегі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ашатын бейнедәріс курстарының түсірілуі аяқталды. Еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бейнедәріс курстары «Адалдық алаңы» (adaldyk.kz) сайтына орналастырылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан», «Астана» телеарналарында, ХҚКО, қоғамдық көліктердің, сауда үйлерінде және басқа да мониторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

Жоспардың 51 тармағы.

«Астана» радиосы эфирінде «Право знать», «Әділет әлемі», «Заңгер кеңесі» и «Территория права» бағдарламасы шеңберінде «Антикоррупционный формат», «Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» тұрақты айдарлары шығып тұрады.

БАҚ баспаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 30 астам айдарлар бар, соның ішінде: «Жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайластықпен күрес», «Жемқорлық», «Вне закона», «Фемида».

Бақ баспаларында жемқорлық туралы мәліметтер келесі айдарларда жарияланды:

- «Злоба дня», «Суд да дело» (газета «Время»);

- «Социум» (газета «Литер»);

- «Фемида» (газета «Экспресс К»);

- «Закон и порядок» (газета «Казахстанская правда»);

- «Город грехов» (газета «Свобода слова»);

- «Мәссаған!» («Егемен Қазақстан» газеті).

Жоспардың 52 тармағы.

Агенттіктің аумақтық департаменттерімен және жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық пен аймақтық комиссиялардың жұмыс жоспарларына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін енгізу бойынша бірлескен жұмыс атқарылды.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық пен аймақтық комиссиялардың жұмыс жоспарларымен келесідей іс-шаралар көзделген:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы БАҚ сөз сөйлеу, дөңгелек үстел, дәрістерді, семинарларды, брифингтерді өткізу;

мемлекеттік органдарымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты тыңдау;

сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға және болдырмауға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы материалдарды БАҚ жариялау.

Жоспардың 53 тармағы.

Агенттік пен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жұмыс тобы қызметінің шеңберінде білім берудің барлық деңгейлерінде және жеке пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша түзетулер енгізілді:

1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - «Таным», «Әлеуметтік орта» білім беру саласы (орташа, ересек топ) – (бағдарлама еліміздің 77 балабақшаларында апробация кезеңін өтуде);

2) орта білім – «Дүниетану» пәні (1-4 сыныптар) және «Адам. Қоғам. Құқық» пәні (9-11 сыныптар);

3) техникалық және кәсіптік білім беру - «Заң  негіздері» пәні;

4) жоғарғы білім - «Құқық негіздері» пәні (жалпы білім циклі).

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі негізгі мақсаттарының бірі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» болатын Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарды бекітті.

Жоғары білім беру орындарында пайдалану үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» типтік оқу бағдарламасы әзірленді (101 жоғарғы оқу орындарында элективті пәндер каталогына енгізілген).

Білім және ғылым министрлігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері 2016 жылғы оқу бағдарламаларына енгізілуімен оқу орындарында жастар ұйымдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға арналған жұмыс жоспары бекітілді (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 24 бұйрығы).

Жоспардың 54 тармағы.

Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 9 маусымдағы №101 шартқа сәйкес «ПРЭКО Консалтинг» ЖШС Қазақстан Республикасында жемқорлықты қабылдау индексін анықтау жөніндегі әлеуметтік зерттеу өткізді.

Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың ахуалын сипаттайтын қоғамдық ойды, соның ішінде қоғамдық жаппай санадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қоғамда қалыптастыратын ең тиімді шараларды анықтау болып табылады.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенімі - 57,9%, орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенімі - 64,8%, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенімі - 51% деңгейде екенін көрсетті.

2013 жылы өткізілген ұқсас әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ескергенде, 2015 жылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына деген сенім 52,0%-дан 57,9%-ға дейін артқаны байқалады.

Еліміздің халқының басым көпшілігі (78,8%) жемқорлыққа теріс көзқараспен қарайды. Мемлекеттік органдардың жемқорлық деңгейін төмендетуге  жеке үлесін қосуға көпшіліктің 43,7%, сонымен қатар халықтың 47,2%  сыбайлас жемқорлық жағдайларымен жеке басы кездескенде, оның алдын-алу бойынша белсенді әрекет етуге дайын екенін жеткізді.

Жоспардың 56 тармағы.

Шетелдік БАҚ-да 2015 жылы Қазақстанда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы келесідей мақалалар жарық көрді:

1) Ұлыбритания:

Thediplomat.com, 2015 жылғы 6 шілдедегі - «Nazarbayev: ‘There are no untouchables in Kazakhstan’» мақаласы;

Thediplomat.com, 2015 жылғы 25 щілдедегі — «Kazakhstan: 100 Steps Toward a New Nation» мақала;

Thediplomat.com, 2015 жылғы 2 қыркүйектегі — «Can Kazakhstan Learn to Fight Corruption from China?» мақаласы.

2) Еуропа:

Еureporter.com, 2015 жылғы 25 тамыздағы — «Kazakhstan: Raising competitiveness» мақаласы;

Osce.org, 2015 жылғы 10 қыркүйектегі —«OSCE co-organizes conference on combatting corruption for customs officers in Kazakhstan» мақаласы.

3) АҚШ:

Azattyq.org, 2015 жылғы 20 қарашада – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заң жарияланды;

Dispatchnewsdesk.com, 2015 жылғы 29 маусымдағы — «Kazakhstan tailored a new strategy to combat corruption» мақаласы.

4) Ресей: Easttime.ru, 2015 жылғы 1 қарашадағы —«В Казахстане приняли закон о борьбе с коррупцией» мақаласы.

5) Иран: Tehrantimes.com, 2015 жылғы 13 желтоқсандағы — «Kazakhstan: 100 steps towards a new nation» мақаласы.

Сонымен қатар шетелдік БАҚ (Интерфакс, Коммерсант) 2015 жылғы

19 қарашада Астанада өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетаралық кеңестің отырысының нәтижелері жарияланды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлыбританияға іс-сапары қарсаңында, Ұлыбритания және Қазақстан елшіліктері Newsweek журналымен біріге отырып Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агентігінің қызметі туралы сұхбат жарияланған Қазақстан туралы арнайы шығарылым дайындады.

Жоспардың 57-тармағы.

Қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде шетелдерде Агенттікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша таныстырулар, талқылаулар, келіссөздер өткізілді, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру деңгейін бағалау және рейтинг беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарға тиісті ақпарат ұсынылды.

Айталық,  2015 жылы келесі жұмыс сапарлары ұйымдастырылды:

1) АҚШ-қа сапар:

2015 жылдың 8-11 қыркүйегінде Вашингтон қаласында «World Justice Project» Үкіметтік емес ұйымның  зерттеу бойынша директоры Алехандро Понспен кездесуі өткізілді, бұл кездесуде қазақстандық делегациямен  бес институционалды реформа шеңберіндегі, оның ішінде үшеуі кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, заңның үстемділігі, мемлекеттің транспаренттігіне бағытталған, кадр саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру секілді сыбайлас жемқорлық қызметінің компоненттері жөніндегі ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Федералды тергеу бюросында (АҚШ ФТБ қылмыстық істер бойынша директор көмекшісінің орынбасары Тимоти Деланимен) және АҚШ Әділет министрлігінде (АҚШ Бас прокурорының екінші орынбасары Брюс Ораммен) кездесулер өткізілді. Осы кездесулер барысында қазақстандық делегация Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларда және осы жүйедегі өзгерістер туралы мәлім етті.

2015 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында «Фридом Хаус» зерттеу жөніндегі үкіметтік емес құқық қорғау ұйымының вице-президенті Арч Паддингтонмен кеңес өткізілді.

Кездесу барысында қазақстандық делегация Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғырту және сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша атқарылған жүйелі шаралар жөнінде ақпарат ұсынды.

2) Канадаға сапар:

2015 жылғы 9-10 қыркүйекте Оттава қаласында Корольдық канадалық атты полициясының Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімі (Royal Canadian Mount Policе) басшысының орынбасары Нэнси Робергпен кездесу өтті, онда негізгі тақырып сыбайлас жемқорлық істерді анықтау, тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық аспектісі жөнінде болды.

 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықты анықтау әдістері, онымен күресетін қоғамды мадақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабардар еткен тұлғаны қорғау, сондай-ақ жемқорды жазалау шаралары талқыланды.

 Жалпы, осы бағытта екі елдің тәсілдерінің ұқсастығы (бірегейлігі) атап өтілді.

 3) Германияға сапар:

 2015 жылдың 24-25 қарашасында Берлин қаласында «Транспаренси Интернэшнл» ұйымының атқарушы директорының  орынбасары Миклош Маршаллмен және Германия Әділет министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бас директоры Бернхард Беммен кездесу өтті.

 Екіжақты кеңес барысында ақпарат алмасу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 Қазақстандық делегация  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтің, оның ішінде «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары шеңберіндегі басым бағыттармен таныстырды.

 Сондай-ақ, қазақстандық делегация Бертельсманн атындағы қор кеңесінің мүшесі Сабина Доннэмен келіссөздер өткізді, онда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар туралы ақпарат делегациямен ұсынылды.

 4) Швейцарияға сапар:

 2015 жылғы 26-27 қарашада қазақстандық делегация Швейцария Конфедерациясына барды, онда әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығының бөлім басшысы К.Каболисті Агенттік қызметімен таныстырды.

 Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстанның қолданыстағы заңнама базасы туралы және заң жобаларын әзірлеуде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі кеңінен қозғалды.

 Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшы топтарымен кездесу барысында Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін қалыптастыру процесі және Қазақстанның әлемдік экономикадағы рөлі бойынша пікір алмасты.

 Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша халықаралық тәжірибе және тұрақты ақпарат алмасу арқылы одан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Жоспардың 60-тармағы.

Агенттік Төрағасының 2015 жылғы 15 шілдедегі № 221 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуына баға беру және сараптама жүргізу үшін сыртқы мониторингтік тобы құрылған.

Агенттіктің таратылып және оның міндеттері Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне берілуіне байланысты, сыртқы мониторингтік тобының құрамы жаңартылып, Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы

11 қаңтардағы № 34 бұйрығымен қайта бекітілді.

Мониторингтік топтың құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының (1), мемлекеттік органдардың (5) және қоғамның (8) өкілдері кірді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы