скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы

26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының

17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы

8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған:
  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) лауазымдар тiзбесi және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптары («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен);

4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының     

    Президенті                                                                               Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы

            

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы