скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын өткізу бойынша қысқаша ақпарат

Астана
Количество подлежащих аттестации3286 человек
График аттестацииПериод проведения тестирования: 01.02.2017-11.04.2017
Период проведения собеседования: 06.02.2017-21.04.2017
Адрес тестированияг.Актобе, ул.Тургенова, 86
Руководитель мобильной группыТокушев Кайыржан Ахметжанович 87132-548882

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауы 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде өткізілетін болады.

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттауының жалпы кестесі

Бекітіледі: мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен аттестаттау кезеңдерінің өткізу нақты мерзімдерін қарастыратын

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттауының кестесі

Бекітіледі: мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жалпы кестенің негізінде
Кәсіби дайындық деңгейін анықтау
Атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігін анықтау

Мемлекеттік қызметшілердің санын ескере отырып, аттестаттау кезең-кезеңмен 3 деңгейде өткізілетін болады.
Әр деңгейде тиісті аттестаттау комиссиялары құрылады, және оларда мемлекеттік қызметшілер аттестаттауды атқаратын лауазымдарының санаттарына байланысты өтетін болады.

Бірінші деңгейде:

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы.

Бірінші деңгейде аттестаттауды ЖАК-та А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, С-1, С-О-1, D-1, D-2, D-О-1 санатындағы «Б» корпусының қызметшілері өтеді.

Екінші деңгейде:

Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссиялары.

Екінші деңгейде аттестаттау комиссиялары келесі тәртіпке сәйкес құрылады:

  • В-2, В-3, В-4, В-5, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-2 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдарында;
  • С-3, С-4, С-5, С-О-2 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында;
  • С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінде;
  • С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінде;
  • D-3, D-4, D-5, D-О-2, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-1, Е-2, Е-R-1 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы әкімдері аппараттарында құрылады.

Үшінші деңгейде:

Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ аудандардың, қала аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссиялары құрылады.

Үшінші деңгейде аттестаттау комиссиялары келесі тәртіпке сәйкес құрылады:

  • C-R-3, C-R-4, C-R-5 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде.
  • Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген «Б» корпусының қызметшілері аттестаттаудан орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаласындағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінде құрылатын аттестаттау комиссияларында өтуіне рұқсат етіледі;
  • E-3, E-4, E-5, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы әкімдері аппараттарында құрылады.

Барлық деңгейлерде аттестаттау үш кезеңдерден тұратын болады:

бағалау парағын дайындау
жеке құзыреттерді бағалау үшін тестілеу
ЖАК немесе тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту

Аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:

  • атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес келеді;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес келмейді және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес келмейді және жұмыстан босатуға ұсынылады.

Аттестаттаудан «Б» корпусының қызметшілері өтеді, төмендегі көрсетілген тұлғалардан басқа:

  • аттестаттаудан өткізу кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жыл және одан кем уақыт қалған «Б» корпусының қызметшілері. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген уақыт 2017 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымын қоса алғандағы аралықта болса, бұл «Б» корпусының қызметшілерін аттестаттаудан босатуға негіз болып табылады;
  • жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;
  • жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі балаларды (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да тұлғалар;
  • тиісті аттестаттау комиссиясында әнгімелесу өту сәтінде мемлекеттік қызмет өтілі алты айдан төмен мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған адамдар.
  • «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған «Б» корпусының қызметшілері.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы