скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Агенттік туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 5 қазандағы
№ 349 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау және мемлекеттік бақылау жүргізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Агенттіктің ведомствосы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), сондай-ақ облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда,астанада аумақтық органдары бар.

3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жәнеҮкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Агенттік, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйке соған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Агенттіктің құрылымы мен штат санын Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

9. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а.

10. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Агенттіккекіріс әкелетін қызмет атқаруға заңнамалық актілермен құқық берілсе, онда сол қызметтен келген кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.

 

2. Агенттіктіңмиссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. Агенттіктің миссиясы: мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларындабірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Міндеттері:

1) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларындамемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтаумәселелеріндегі қызметін үйлестіру;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру.

16. Орталық аппараттың функциялары:

1) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында стратегиялар мен бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу;

4) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау құнын есептеу әдістемесін бекіту;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларында нормативтік-құқықтық актілерәзірлеу және қабылдау;

6) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға консультация беру;

7) мемлекеттік органдардаперсоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметініңтиімділігін және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда,мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерiн үйлестіру;

9) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмәселелері бойынша халықаралық шарттар жобаларын дайындау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылжәне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

10) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

11) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

12) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жүйесін жетілдірубойынша ұсыныстар әзірлеу;

13) мемлекеттiк қызмет персоналы бойыншабірыңғай автоматтандырылған дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарыныңкадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу;

14) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

15) мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселелері бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіру;

16) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызметтіөткеруінемониторинг жүргізу;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеудің тәртібін, бағдарламаларын айқындау, сондай-ақ оны ұйымдастыру;

18)мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн айқындау;

19) орталық мемлекеттік органда не оның ведомствосында, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда төменгі емес, «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс өткізуді келісу және келісу тәртібін айқындау;

20) тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізу тәртібін айқындау;

21) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалауды оның тиісті қорытындысының нәтижесін бере отырып жүргізу;

22)министрліктер мен орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының және аппарат басшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;

23) «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк қызметінің кадр резервін қалыптастыру;

24) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу жәнебекіту;

25) мемлекеттік органдар әзірлейтін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен босатуды келісу;

26) сынақ мерзімінен өту тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін айқындау;

27) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі тәртібін айқындау;

28) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдардыңқызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

29) құқық қорғау органдарыныңконкурс негізінде орналасатын лауазымдарының тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын келісу;

30)мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібінайқындау;

31) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереженібекіту;

32) мемлекеттік әкімшілік қызметтіңкадрлық іс жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу мен бекіту;

33) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасасу, ұзарту және бұзу тәртібін айқындау;

34) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентінебекітуге ұсыну;

35) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

36) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;

37) мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын,сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мемлекеттік бақылаудыжүзеге асыру;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау;

39) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;

40) әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;

41) персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) үйлестіру және әдіснамалық басшылық қызметін жүзеге асыру;

42) мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға ұсыныстаренгізу;

43) мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынуларенгізу;

44) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;

45) мемлекеттік қызметшілердің ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органдарына,шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға               іссапарға баруы тәртібінәзірлеу;

46) лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлеу;

47) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін әзірлеу;

48) мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;

49) азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайтуға бағытталған өзара іс-қимыл;

50) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою бойынша ұсынымдар енгізу;

51) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды жүзеге асыру;

52) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингтеу;

53) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыруға және жетілдіруге қатысу, халықты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар етуді арттыру;

54) жыл сайынғыҚазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте енгізу;

55) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жүргізілген мониторинг және жоспарлы іс-шаралардың орындалуына бақылау туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

56) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізудің үлгілік тәртібін айқындау;

57) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеу және тарату;

58) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;

59) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;

60) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау;

61) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұрату;

62) мемлекеттік қызметтер көрсетусапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

63) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг өткізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;

64) мемлекеттік қызметтер көрсетусапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

65)жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

66) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларынәзірлеу және бекіту;

67) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

68) Қазақстан Республикасының заңнамасындажүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Ведомствоның функциялары:

1) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті,мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялай отырыпжүзеге асыру;

3) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жүргізілген мониторинг және жоспарлы іс-шаралардың орындалуына бақылау туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыруға қатысу;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеу практикасының талдауын жүргізу;

6) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;

7) ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып келу;

8) арнаулы мемлекеттік архивтегі архивтік құжаттарды жинақтауды (сатып алуды), тұрақты сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18. Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қызметті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;

3) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жасалатын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша тексерістер өткізу, мемлекеттік органдармен келісім бойынша тексерістер өткізуге олардың қызметкерлерін тарту;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексерістер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде орындауға міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдарға енгізу;

5) мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;

6) Агенттіктің, оның аумақтық органдары мен ведомствоға қарасты ұйымдарына қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және қызмет тиімділігінебағалау жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;

8) Агенттікке және оның аумақтық органдарына жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер құру және пайдалану;

9) Агенттік қызметінің басты бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Агенттік қызметін ұйымдастыру

19. Агенттікті басқаруды Агенттік төрағасы (бұдан әрі - төраға) жүзеге асырады, олАгенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.

20. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

21.Қазақстан Республикасының ПрезидентіТөрағаның ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайтынжәне лауазымнан босататын екі орынбасары болады.

22. Төрағаның өкілеттіктері:

1) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Агенттіктің аумақтық органдары мен ведомствоға қарасты ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесведомствоның қызметінебасшылық жасайды және үйлестіреді;

3) өз орынбасарларының және аппарат басшысының өкілеттіктерін айқындайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптеАгенттіктің қызметкерлерін, Агенттіктің аумақтық органдары басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоның,оның аумақтық органдарының кадр мәселелерін шешудің тәртібін бекітеді;

6) ведомствоның өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен Агенттіктің және оның ведомствосының еңбек қатынастары мәселелері оның құзіретіне кіретінжұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

8) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің және оның ведомствосының, олардың аумақтық органдарының және ведомствоға қарасты ұйымдарының жұмыскерлерін (қызметкерлерін) мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді; 9) біліктілік сыныптардыбелгілеуді келіседі; 10) Агенттіктің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне қол қояды, бағынысты қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жататын мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастыру-өкімдік шараларын қабылдайды; 11) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ведомство және оның аумақтық органдары туралы ережені бекітеді; 12) Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді; 13) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдарының, ведомствосының жәнеоның аумақтық органдарыныңқұрылымын бекітеді; 14) Агенттіктің атынан мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастардаҚазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес өкілдік етеді;

15) Агенттіктіңжанынанконсультативтік-кеңесшіоргандарқұрады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесөзге деөкілеттіктерді жүзеге асырады. Агенттіктің бірінші басшысы болмаған кездеоның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

23. Агенттікаппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысыбасқарады. 24.Ведомство жеделіздестір қызметін,сотқа дейінгі іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асырады және өзіне жүктелетін міндеттермен функцияларды орындау үшін толықтай барлық жауапкершілікті алады.

25. Агенттіктіңоблыстарда, республикалықмаңызы бар қалада, астанадаалқалы орган болыптабылатынӘдепжөніндегікеңестеріболады, олар туралы Ережені Қазақстан Республикасының Президентібекітеді. Агенттіктің мүлкі.

26. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі мемлекет оныңмен шігіне берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама сындатыйым салынбаған өзгеде көздерден, өз қызметінің нәтижесінде алынған мүлікесебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) құралады.

27.Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

28.Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті,егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өзбетінше иеліктен шығаруған емесе оған өзгедей тәсіл менбилікетуіне құқығыжоқ.

5. Агенттіктіқайтаұйымдастыружәнетарату

29.АгенттіктіқайтаұйымдастыружәнетаратуҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесжүзегеасырылады.

6. Агенттік қарамағындағы ұйымдар тізбесі

1) «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы;

2) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

7. Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесі

1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

3) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

5) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

6) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

7) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

8) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

9) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

10) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

11) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

12) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

13) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

14) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

15) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі;

16) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалықмемлекеттік мекемесі. 8. Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органдарының тізбесі

1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

3) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

5) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

6) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

7) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

8) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

9) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

10) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

11) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

12) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

13) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

14) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

15) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

16) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы