скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

2016 жылдың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын тексерулердің қорытындылары

2016 жылдың Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын тексерулердің қорытындылары

 

     Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау функцияларын іске асыруда 2016 жылы Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерімен 1586 тексеру іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде ішінара (жоспарлы) – 195, жоспардан тыс – 1391 (азаматтардың өтiнiштері бойынша – 115, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша – 1276). Аталған тексеріс нәтижелері бойынша 800 мыңнан астам бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік органның және оған бағынысты мекемелердің 874 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексерулермен заңнаманы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттерінің нормаларын жүйелік бұзушылықтар анықталды. Оған көрсетілетін қызметті берушімен қосымша құжаттарды талап етуі, негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімін созуы, жұмыс кестесін сақтамауы, мүмкіндіктері шектелген азаматтардың өтініш және құжаттар топтамасын өз бетiнше беру мүмкіндігінің болмауы, мемлекеттік қызметтердің регламенттерінде көрсетілген бизнес-процестердің мемлекеттік қызметтерді нақты көрсетілуімен сәйкес келмеуі жатады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша тиісті жұмыстың болмауы, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ықпалдастырылуы,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізбеуі салдарынан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны (деректер жоғарыланған) және оларды көрсету мерзімінің бұзылуы туралы мемлекеттік органдардың ақпаратының расталмағандығы тексерулермен анықталған. Жіберілген бұзушылықтарды жою және оларды енді жібермеу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарлары дайындалған, оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметшілерінің әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы орындау жөнінде бақылауды іске асыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы