скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

2015 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалаудың қорытындылары

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп 2015 жыл кезеңі бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауы жүргізілді.

Уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген бағалау, Әдістемеге сәйкес жүргізілген.

Жалпы, 2015 жылы бағаланатын мемлекеттік органдармен (16 әкімдік, 11 министрлік және Ұлттық Банк) 138,1 млн. астам қызмет көрсетілген, 2014 жылдан 13,1%  артық (122 млн. қызмет).

Бұл ретте, орталық мемлекеттік органдармен 43,8 млн. қызмет көрсетілген (қызметтердің жалпы санынан 31,7%), облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен – 94,3 млн. қызмет (68,3%).

Ең көп қызметтер жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларында көрсетілген.

Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасыныңжоғарылауы анықталған.

Осылайша, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзулуының саны 4 есе төмендеді (16 мыңнан 3,8 мыңға). Бұзушылықтардың көп бөлігі жергілікті атқарушы органдарға (69,9%) келеді.

Сот, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен (БП, ЖС, ІІМ, ҚМ, ҰҚК) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда 2015 жылы қызметтердің 661 түрі бағаланды.

2015 жылғы бағалаудың орташа баллы 58,28 баллды (мүмкін 100-ден) құрады, 2014 жылдың (53,86 балл) бағасымен салыстырғанда 4,42 баллға жоғары. Бұл ретте, орталық мемлекеттік органдардың орташа бағасы 2,25-ке (53,84-тен 56,09-ға), ал жергілікті атқарушы органдар 6-ға (53,91-ден 59,91-ге) көбейді.

Орталықмемлекеттік органдар арасында ең жоғарғы баллдарды әділет (71,79), энергетика (66,80) министрліктері,Ұлттық Банк (64,1), ал ең төмен - ауыл шаруашылығы (42,34), ұлттық экономика (39,64) министрліктері иеленді.

Жергілікті атқарушы органдар арасында ең жоғарғы баллдарды Ақмола (76,35), Павлодар (76,06) және Ақтөбе (75,60) облыстарының әкімдіктері,  ал ең төмен – Батыс Қазақстан (29,78) және Атырау (24,03) облыстары әкімдіктері иеленді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы