скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесе, сонымен қатар этно мәдени бірлестіктер жастарының әлеуетін тарта отырып азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықпен кездескен жағдайда қандай қадам жасау қажеттігін қамтитын жаднамалар таратты.

Қорғалжын ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас облыстық жемқорлыққа қарсы марафонның аясында  теннистен жарыс өткізілді.

Жарысқа ауданның жасөспірімдер спорт мектебінің спортсмен оқушыларынан және еріктілерден құралған 5 команда қатысты.

Іс-шараның ашылуы барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы  теріс әсері, жемқорлықты қабылдамау және жемқорлық құқықбұзушылық көріністеріне  төзбеу маңыздылығы туралы айтылды.

Жарыс соңында барлық қатысушы командалар грамоталармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

2017 жылдың 14 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің аясында Ақтоғай ауданында мемлекеттік қызметкерлер және құқық қорғау жүйесі өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы семинар өткізілді. 

2017 жылғы 11 шілдеде Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің, Жоғарғы Сот қызметкерлерінің және Үйлестірушінің орынбасары, ЕҚЫҰ хатшылығының экономикалық қызметінің басшысы Эрмелинда Мексидің басшылығымен ЕҚЫҰ хатшылығы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов Қазақстанның қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кешенді шаралар және оларды бұдан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұтымды жұмыстары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз жұмысын облыстық және орталық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдермен тығыз байланыста жүргізіп келеді.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы М.Ы.Нәлібаев Астана күні мен Байланыс және ақпарат есРрррқызметкелері күніне орай, республикалық және жергілікті бұқаралық құралдар өкілдерімен кездесу өткізді.

Департамент басшысы М.Ы.Нәлібаев құттықтау сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы БАҚ-тың  атқаратын ерекше рөлін, қоғамдық бақылауда тиімді құралдардың бірі ретінде маңыздылығын атап көрсетті.

170-тен астам адамды қамтыған кездесуде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, "Нұр Отан"партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Көлбаев.
 
2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның ерекшеліктері түсіндірілді. Қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Астана күні, сонымен қатар Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін  мерекелеуге  журналистердің арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жұмыстарының конкурс нәтижелері қорытындыланды.

Агенттіктің аппарат басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов құттықтау сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы БАҚ-тың  атқаратын ерекше рөлін қоғамдық бақылауда тиімді құралдардың бірі ретінде маңыздылығын атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесімен бірлесіп, көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қорытындылары талқылады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы