скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

2017 жылғы 28 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының міндетін атқарушы  А.А. Шайымова ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Сингапур Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу аясында Астанаға келген Сингапурдың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметті жетілдіру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы және болашақ бағыттарының мәселелері талқыланды.

2017 жылдың 28 шілдесінде Агенттік пен «Нұр Отан» партиясы Білім және ғылым министрлігі басшылығының қатысуымен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде, мектептердегі заңсыз ақша жинау, жоғары оқу орындарындағы заңсыз төлемдерді жүргізу барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мәселелері талқыланды.

2017 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «PRINCE2»  әдісіне сәйкес жобалық менеджмент негіздерін пайдалану бойынша интенсивті тренингке қатысты (PRojects IN Controlled Environments – «бақыланбалы орталардағы жобалар»).

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде  ҚР МҚІжСЖҚІҚА ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Лекция облыс әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығында ұйымдастырылып, онда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелері, 100 қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелері, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мен меритократия қағидатының енгізілуі түсіндірілді.

Ағымдағы жылы Павлодар облысында мемлекеттік қызметті көпшілікке түсіндіру мақсатында ЖОО түлектерімен жұмыс жүргізілуде. Осылайша өткен кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 9 Бос орындар жәрменкесін өткізуге өз үлесін қосты.

2017 жылдың 21 шілде күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті қызметкерлерімен  Петропавл қаласы әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне семинар өткізілді

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы И.Е. Баженова қызметшілерді үшдеңгейлі персоналды іріктеу жүйесінің ерекшілігімен, тестілеу бағдарламалырының соңғы өзгерісерімен, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларымен таныстырды.  

2017 жылдың 19 шілде күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сарапшылары Ақпарат және байланыс министрлігінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу рәсімдерін түсіндіру болды

Барлық аймақтарда қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық бақылауы» атты жобаның аясында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу порталдарын талдауды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

Мониторинг жасаған уақытта нарық бағасымен салыстырып, сатып алу бағасы айтарлықтай артық болған жағдайда мемлекеттік сатып алудың күшін жоя туралы тиісті ұсынымдар жіберіледі.

Қазақстанда пилоттық жоба аясында 2018 жылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу жоспарлануда

«Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тақырыбында Үкіметте баспасөз конференциясы өтті. Журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова жаңа төлем жүйесін енгізу туралы айтып берді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы