скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі2017 жылғы 1 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Мерекелеу шеңберінде Агенттікте мемлекеттік рәміздердің экспозициясын салтанатты түрде ашу рәсімі өткізілді.

Қазақстанда а.ж. 1 шілдесінен бастап жаңартылған стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Елтаңбаны қолдануға тыйым салынады. Экспозицияның ашылуында жаңа ұлттық стандарттарға сәйкес қайта жаңартылған Мемлекеттік Елтаңбаны ұсынды.

2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері  бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) Қостанай облысы әкімдігі алаңында жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлік қызметті дамыту және жер қатынастары салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізу жоспарланды.

Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің директоры Ә. Мұқашев брифингте мәлімдегендей, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік органдармен 46,8 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген, бұл өткен жылдың дәл осыған ұқсас кезеңімен (38,2 млн. қызмет) салыстырғанда 18%-ға көп.

Аталған көрсетілген қызметтердің санының 48% электронды форматта, 25% – Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, қызметтік әдепті сақтауын  және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелген міндеттердің бірі болып табылады.

Жыл басынан бері  352 тексеру жүргізіліп, олардың барысында  мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың  2467 бұзушылықтары анықталды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов хабарлады.

Қазақстан 2005 жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-шаралар жоспарының қатысушысы болып табылады. Ол Шығыс Еуропа және Орта Азия елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар МХҚКО-ның қызметінде жемқорлық туәекелдерін болдырмау және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық төрағасы Төлеген Байғұловпен танымал қоғамдық белсенді Мұрат Әбенов, азаматтық сала өкілдері бастаған топ өз жұмысын бастады.

2017 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Агенттіктің және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтті

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Қуаныш Жапақов брифингте хабарлады.

Оның ақпаратына сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген Әдеп жөніндегі уәкіл жаңа институты мемлекеттік қызметте этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уақытылы шара болып табылады.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Әдеп жөніндегі кеңестің 46 отырысы өтіп, 264 сұрақ қаралды. 

Оның ішінде 57 сұрақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына қатысты құқықбұзушылықтардың профилактикасы, 17 тәртіптік комиссия және әдеп жөгігдегі уәкілдің жұмыстары туралы, 10 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және 149 тәртіптік істер.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы