скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

15.05.2017 г.

Жыл басынын бері Агенттіктің тексеру нәтижелері бойынша 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, қызметтік әдепті сақтауын  және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелген міндеттердің бірі болып табылады.

Жыл басынан бері  352 тексеру жүргізіліп, олардың барысында  мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың  2467 бұзушылықтары анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдануда.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 103 жүгінген азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, 191 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 айында Агенттікпен 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әкімшілік істердің саны 7 есе өскен.

Көбінесе мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны, мемлекеттік қызметтен құқыққа сыйымсыз босатқаны, қаржылық бақылау шараларын бұзғаны, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін бұғаны үшін тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Мысалы,  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулыларымен Инвестициялар және даму министрлігі конкурстық комиссиясының мүшелері: Көлік комитетінің төрағасы  А. Асавбаев, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Даулетов және Кадр жұмысы департаментінің директоры К. Касенов 30 АЕК көлеміндегі  айыппұл түріндегі ӘҚБтК 99-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы 2017 жылдың 1 мамыры жағдайы бойынша Агенттіктің әкімшілік өндірістері бойынша бюджетке 2 млн. 445 мың теңге түсті.

Осылайша, Агенттіктпен қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметте осындай бұзушылықтардың жасалуын қысқартуға ықпал етеді.   


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы