скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

04.10.2017 г.
taynyy pokupatel kontroliruet kachestvo okazaniya gosudarstvennyh uslug

«Жасырын тұтынушы» мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылайды

Мамыр-қыркүйек аралығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғам өкілдерін тарта отырып мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына «Жасырын тұтынушы» әдісімен азаматтық бақылау жүргізді.

Жоба кезінде әртүрлі мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдарға, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалдарына 718 іссапарларды жүзеге асырды.

Нәтиже бойынша 758 бұзушылық фактісі анықталды:

«көмекшілердің», заңсыз сыйақыға делдалдық қызметтер көрсетушілердің (мысалы, ШҚО «көмекшілер» белгілі бір сомаға «қайталанбалы нөмірлер» алуға және автокөлік құралдарын жылдамдатып тіркеуге жәрдемдескен) болуы;

кезектердің көптігі, әкімшілік кедергілер (мысалы, бюрократиялық рәсімдер, тиімсіз менеджмент және бизнес-процестерді төмен деңгейде ұйымдастыру кезектердің, делдалдардың пайда болуына және негізсіз мерзімдерді созуға жағдайлар жасаған);

жұмыс кестесін сақтамау (мысалы, Атырау облысы бойынша Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көлік құралдарын бақылауды 18-30 сағ. орнына 12-00 сағ. дейін жүргізген);

дөрекі кеңес беру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы анық емес деректер орналастыру, күту залдарының жабдықталмау, пандустердің болмау фактілері және т.б. (мысалы, Орал қаласының еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері осы бөлім көрсететін «Ақталған адамға куәлік беру» қызметі туралы ақпаратты білмеген. Осы бөлім басшысының орынбасары қызмет алушыны ішкі істер органдарына және прокуратураға жіберген).

Агенттік анықталған олқылықтарды жою бойынша ұсынымдар жолдады. Нәтижесінде қызмет берушілердің жұмыс кестелері түзетілді, стандартпен көзделмеген артық құжаттарды сұрау бойынша бұзушылықтар жойылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлеріне азаматтардың кіру мүмкіндігі шектелді.

Сонымен бірге, қызмет берушілердің бірқатар ғимараттарында күрделі жөндеу жасалды, ақпараттық стендтер орналастырылды, пандустер қойылды, балалар бұрыштары жасақталды, сондай-ақ автотұрақ салынды (Атырау қаласының ӘПБ, Астана қаласының МКД), асфальт төсеніші төселген.

Сонымен қатар, Агенттіктің департаменттері стандарттар мен еңбек тәртібін сақтау бойынша 137 түсіндірме семинар-мәжілістер жүргізді, сондай-ақ 21 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда 387 (немесе 53,5%) қызмет баламалы түрде Мемлекеттік корпорация және қызмет беруші арқылы көрсетіледі. Сонымен бірге, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер бойынша қызмет берушінің өзіне тікелей жүгінуі байқалады (2017 жылдың 1 жартыжылдығында 17 млн. қызмет).

Осыған байланысты, Агенттік әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау үшін а.ж. қазан айынан бастап мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп «ХҚКО – жеңіл мемлекеттік қызметтер» жаңа форматтағы жобасын жүзеге асырады, ол мемлекеттік қызмет көрсету орындарына көшпелі мәжілістер арқылы бизнес-процестерді оңтайландыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер алуды танымал етуге бағытталған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы