скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.04.2019 г.

Жалпы сомасы 11,8 трлн. теңгеден астам сомаға инвесторлардың 306 жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүргізілуде

МҚІСЖҚА өткен брифингте «Protecting business and investments» жобалық кеңсесінің менеджері Айдос Мамыт жобаның жұмыс нәтижелері туралы айтты.

елімізде қолайлы инвестициялық климатын орнату және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» жобалық қеңсесін құрды, ол инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтарын және мүдделерін қорғауға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүемелдеу жүргізуге арнайы бағытталған.

Жобаның басты өзгешелігі - инвесторларды арсыз шенеулік тарапынан бюрократияның һәм жемқорлық қол сұғушылықтың барлық түрлерінен 100% қорғау және кепілдік беру.

Еліміздің барлық аймақтарында фронт-офистер ашылып 140-тан астам лауазымды тұлғалар бекітілген.

Кеңселердің мақсаты «үздіксіз» тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау арқылы әрбір бизнес-жоба бойынша нақты практикалық жұмысына бағытталған: аптасына 7 күн және тәулігіне 24 сағат бойы.

Инвесторларға қойылатын жалғыз шарт- сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге символикалық түрде қосылу, яғни адал бизнес, сыбайлас жемқорлықсыз және оның кез-келген көрінісі үшін «мүлдем төзбеушілікпен» жол бермеу бойынша міндеттемелерді қабылдау.

Бүгінгі таңда жоба кәсіпкерлік субъектілері арасында кеңінен қолдау табуда.

Сонымен, бүгінгі күні жалпы сомасы 11,8 трлн. теңгеден астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 306 жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүргізілуде.

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар саны шамамен 30% (Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Польша, Малайзия және т.б.).

Жобалық кеңсе өз қызметі барысында инвесторлар тарапынан келіп түсетін шағымдар бойынша әр түрлі проблемалық мәселелермен бетпе-бет келуде.

Қазіргі уақытта біздің қоржынымызда бірқатар шешілген мәселелер бар. Инвесторлармен тікелей байланыс орнату арқасында елдегі бизнестің және кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін «ауырсыну нүктесін» анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы кезеңде елімізде проблемалық мәселелер бойынша келіп түскен 431 өтініштің 394-і (91% жуық) кәсіпкерлер мен инвесторларға көмек көрсету арқылы оң шешімін тапты.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері бойынша 17 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 42 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде әртүрлі санаттағы басшылар мен әкімдер жоқ емес.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілеріне («Жайықгидрогеология» ЖШС «Ais Project»)

геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін беру бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін екі аудан әкімі (Қаратобин, Жәнібек аудандары) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысында «Portland-Limited» ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беруден негізсіз бас тартқан үшін облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы ұксас жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының сектор меңгерушісіне 240 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Осындай өтініштердің негізінде Агенттік әкімшілік тосқауылдарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар әзірлеумен жиі кездесетін проблемаларды қорытындылап талдауда.

Тәжірибе көрсеткендей, инвесторлар мен кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерінің айтарлықтай үлесі ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, сондай-ақ монополистердің көрсететін қызметтері салаларына байланысты (инженерлік желілерге қосылу, техникалық жағдайларды алу және т.б.).


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы