скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

03.06.2017 г.

Парақор шенеуіктерді балалар кіммен байланыстырады

Сыбайлас жемқорлық - үлкен айсберг, мемлекет - кеме, мемлекеттік қаржы - қап ұн, ал айналасындағы егеуқұйрықтар парақор шенеуіктер, адамдарды өзінің тұтқыр қармауыштарымен терең тұңғиыққа тартатын тоймайтын сегізаяқ секілді. Сонымен бірге, дәрігерлердің, оқытушылар және жол полиция қызметкерлерінің адал және сатылмайтын еңбегіне үлкен үміт.

Осылайша оқушылар сыбайлас жемқорлықты өзінің пайымдауынша және өзінің болжамдарында бейнеледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты көрмесінде «Әділ және сатылмайтын еңбек бейнесі» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында еліміздің барлық аумақтарында балалар сурет байқауы жеңімпаздарының жұмыстары көрсетілді.

Балалар суреттерінің үздігі құрамында өнер саласының мамандары және Агенттіктің аумақтық бөлімшілерінің қызметкерлері бар конкурстық комиссиялармен таңдалып, оның авторлары бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Енді Агенттік ғимаратына келетін әрбір келуші жеңімпаз жұмыстармен жеке танысуына мүмкіндігі бар. Байқаулар Қазақстанның барлық аумақтарында тұрақты түрде өткізіліп, ұқсас байқаулар өтуіне байланысты көрме жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, көрмеде кәсіби өнер қайраткерлері арасындағы байқауда үздік болып табылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы экспонаттарды (мүсіндер, композициялар, суреттер) көруге мүмкіндік бар.

 Түрлі техникалар (кескіндеме, графика, мүсіндеу, декаративті-қолданбалы өнер) және материалдар (саз, тас, жаңартаулық таужыныс, мәрмәр, әйнек, металл) қолданып конкурс қатысушылары әділетсіздікті, сатылушылықты сатқыншылықты жалпы айыптау және қабылдамауды бейнеледі.

Аталған көрмені Қазақстанның барлық аумақтарынан келген мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруы және оқуы өтетін Агенттік және Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында ұйымдастыру кездейсоқ емес. Олардың әр қайсысы өнер туындылары мен балалар суреттерінде көзделген серпілісімен танысады.

Ұқсас бірегей көрсемелер Бангкокта (Тайланд) жұмыс істейтінін және халық арасында зор танымал екендігін атап өту керек.

Ссылка на фото

 

  

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы