скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

13.06.2017 г.

ОҚО-да бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті

2017 жылдың 7 маусым күні «Көрме» орталығында оңтүстікқазақстандықтарға мемлекеттік құрылымдардағы бос орындар ұсынылды. ОҚО бойынша мемлекеттік қызметте 393 бос орындар есептелінуде.  

Орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің қатысуымен өткен «Бос орындар жәрмеңкесін» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық әкімдікпен бірлесе өткізді.  

Іс-шараны МҚІжСЖҚІҚА ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев ашты.  Әли Көмекбаев осындай іс-шаралардағы басты мақсат бір жағынан – талантты адамдарды, екінші жағынан лайықты жұмыс табу екендігін ерекше атап өтті. 

Жәрмеңкенің мақсаты:

- Жұмысқа тұруда қиыншылық көрген жас мамандарды облыстағы мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдармен және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен толыққанды таныстыру;

- Азаматтарға жұмыс берушілермен тікелей кездесуге және тілдесуге жағдай жасап, жедел түрде жұмысқа орналасу мәселесін шешу мүмкіндігін ұсыну;

- Жұмыс берушілерге мекемедегі бос жұмыс орындарымен халықты кеңінен таныстыруға және жәрмеңкеге қатысушылар арасынан қажетті кадрларды іріктеуге мүмкіндік беру;

- Азаматтарға жұмыспен қамтудағы құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алуға мүмкіндіктер беру.

Қысқа уақыт ішінде, «Бос лауазымдар жәрмеңкесі» аясында  23 жергілікті және 18 аумақтық мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне жұмыс іздеушілермен әңгімелесуге мүмкіндік туды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы