скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

12.07.2017 г.

МҚІСҚА-нің және ЕҚЫҰ хатшылығының бірлескен жобасы

2017 жылғы 11 шілдеде Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің, Жоғарғы Сот қызметкерлерінің және Үйлестірушінің орынбасары, ЕҚЫҰ хатшылығының экономикалық қызметінің басшысы Эрмелинда Мексидің басшылығымен ЕҚЫҰ хатшылығы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов Қазақстанның қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кешенді шаралар және оларды бұдан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндады.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның өкілдері Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторларына, сондай-ақ азаматтық қоғамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістемелер мен тетіктерді зерттеу үшін алаңмен қамтамасыз етуге бағытталған «Орталық Азияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жәрдемдесу» тақырыбында жобаны іске асыру жоспарланғандығы туралы хабарлады.

Аталған жобаны іске асыру шеңберінде ЕҚЫҰ-ның міндеттемелеріне және халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне арналған бірқатар өңірлік және ұлттық семинарлар өткізу жоспарланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көрсетілген жоба шеңберінде Қазақстанға ЕҚЫҰ-мен сараптамалық жәрдем көрсетілетін басты бағыттарды анықтау қажеттілігі туралы келісімге қол жеткізді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы