скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

05.07.2017 г.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы М.Ы.Нәлібаев Астана күні мен Байланыс және ақпарат есРрррқызметкелері күніне орай, республикалық және жергілікті бұқаралық құралдар өкілдерімен кездесу өткізді.

Департамент басшысы М.Ы.Нәлібаев құттықтау сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы БАҚ-тың  атқаратын ерекше рөлін, қоғамдық бақылауда тиімді құралдардың бірі ретінде маңыздылығын атап көрсетті.

Іс-шара барысында М.Ы.Нәлібаев журналисттер арасында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жұмыстар бойынша республикалық конкурстың жеңімпаздары -  жұмысы «Үздік баспа жарияланымы» номинациясы бойынша үздік атанған облыстық «Балалық шақ – Детство» газетінің бас редакторы Гүлнар Есмаханова мен «Үздік интернет жарияланымы» номинациясында үшінші орынды иеленген «Казинформ» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Галина Скрипникті құттықтады.

Сонымен қатар, Департамент басшысы М.Ы.Нәлібаев мемлекеттік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыруға үлесін қосқан бірқатар журналисттерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының және агенттіктің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысының Алғыс хаттарын табыстады.

Кездесу диалог алаңы форматында жүргізіліп, журналисттер өткізілген конкурс бойынша әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасу мүмкіндіктері болды. 

         


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы