скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

28.09.2017 г.
v kazani sostoyalos zasedanie mezhgosudarstvennogo soveta po protivodeystviyu korrupcii-sng

Қазан қаласында ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің отырысы өтті

Отырысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы - Мемлекетаралық кеңестің төрағасы  Қайрат Пернешұлы Қожамжаров ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты жүзеге асырылуы кез келген мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, бәсекені дамыту мен «көлеңкелі» экономиканы қысқартудың негізгі факторларының бірі болып табылатынын атап өтті.

Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша жемқорлықтың салдарынан жыл сайын әлемдік ЖІӨ шамамен 2% -дан айырылады, ол 2 триллион АҚШ долларына сәйкес келеді.

Ұлттық әл-ауқатты төмендету мен экономикаға қосымша жүктеме болумен қатар, заңның үстемділігі қағидаты бұзылып, мемлекеттік институттарға сенімін кетіреді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлемнің барлық мемлекеттерінің, ТМД елдерінің де күн тәртібіне қосылған. 

2013 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің құрылуы аймақтардың алдында тұрған қатерлерге жауап болып табылды.

Бұл ТМД елдерінің салалық ынтымақтастығы органы Достастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыруға және үйлестіруге, сондай-ақ, мемлекеттердің тиісті міндеттерінің іске асырылуына шолу жасауға және арнайы халықаралық ұйымдармен конструктивтік ынтымақтастықты жүргізуге бағытталған.

Қазіргі таңда оның мүшелігінде Белоруссия, Қазақстан, Ресей және Армения бар.

Қырғызстан және Тәжікстан бақылаушы мәртебесі бар елдер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаров өткен жылдардағы жұмысты қорытындылай келе Кеңес қызметінің жұмысына белсенді қатысқан елдерге алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы аталған ұйымға төрағалық еткен аралықта негізгі құжат болып саналатын – ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қатысушы мемлекеттерінің  ынтымақтастығы тұжырымдамасымен келісу аяқталды. 

Оны Мемлекет басшыларының қабылдауы ағымдағы жылғы қазанда Сочи қаласында айына жоспарланған. 

Тұжырымдама тиімді құралдар мен ынтымақтастықтың нысандарын құрайды. Ол Кеңес шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне әкеледі. 

ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қатысушы мемлекеттерінің ынтымақтастағы туралы келісімдердің жобаларын, оның ішінде Бас прокурорлардың үйлестіру кеңестерімен, салықтық (қаржылық) тергеу органдарының және қаржылық барлау бөлімшелерінің басшыларымен дайындау аяқталды.

Олар қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру және активтерді аударудың жолын кесу бойынша бірлескен шараларды құру кезінде ведомствоаралық кедергілерді еңсеруге жол береді. 

Отырыс барысында аталған келісімдермен келісу, БҰҰ  есірткі және қылмыс жөніндегі басқармаларымен өзара іс-қимыл жасасу бойынша одан әрі жұмыс туралы шешімдер қабылданып, 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ротация қағидатына сәйкес отырыс қорытындысы бойынша Кеңеске төрағалық ету Қазақстан Республикасынан Ресейге  көшті Кеңес Төрағасы болып Ресей Федерациясының Бас прокуроры Ю.Я. Чайка бекітілді.  

Кеңес туралы ережеге сәйкес қосарлас төрағалар болып  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаров және Армения Республикасының Бас прокуроры  А.С. Давтян сайланды, сондай-ақ Кеңестің жаңа хатшылығы анықталды.

Кеңестің келесі отырысы 2018 жылы армения Республикасында өтеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы