скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

14.06.2017 г.

Индонезияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибесі

Ағымдағы жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде Индонезия Республикасының елшісі Рахмат Прамономен кездесу өткізілді.

Іс-шараға Индонезия елшілігінің кеңесшісі Юди Аламин, Агенттік департаменттерінің директорлары және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми-талдау орталығының жетекшісі Жұлдыз Давлетбаева қатысты.

Агенттік төрағасының орынбасары А.Шпекбаев өз баяндамасында елімізде Елбасының саяси ықпалына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия аясында жемқорлықтың алдын алуға қарсы кезең-кезеңімен жүйелі түрде жұмыстардың жүзеге асырылып жатқандығын, қоғам санасының оң бағытқа өзгергендігін айтып өтті.

Белсенді түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыратын болады.

Рахмат Прамоно өз кезегінде Индонезияда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетіп, айтарлықтай көрсеткіштерге қалай қол жеткізгендіктерін атап өтті (Индонезия сыбайлас жемқорлыққа төзбеу көрсекткішінде 107 орыннан 88 орынға төмендетілді).

«Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне ең алдымен елдегі көшбасшылардың саяси ықпалы, сауатты түрде әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комиссияның құрылуы әсер етті. Аталған комиссияның мақсаты мемлекеттің барлық элементін жұмылдыру арқылы жемқорлықтың деңгейін азайтуға, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге, құқыққорғау органдары қызметінің сапалы болуына бағытталады. Осы комиссия арқылы соңғы жеті жылда жоғары лауазымдағы 100-ге жуық шенділер сотталды. Бұл барлық жағынан тәуелсіз және елдегі құқыққорғау органдарына қадағалау құқығындағы өкілеттіктері жүретін комиссия болып табылады», - деді Р.Прамоно.

Баяндамадан бөлек, кездесу барысында жемқорлықтың алдын алуға, жазалау, азаматтарды сауаттандыруға бағытталған Агенттіктің қызметі туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.

Индонезия елшісі біздің елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тәжірибемізге оң бағыт беріп, алдағы уақытта Қазақстан Республикасына жан-жақты көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді.

Жиын қорытындысына сәйкес Агенттік өкілдері алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқарудың маңыздылығына тоқталып, елімізде сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға қатысты нақты жұмыстарды жүзеге асырылатындығын баса айтты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы