скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

11.05.2017 г.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы шараларды күшейтуде Қазақстанға оң баға берді

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов хабарлады.

Қазақстан 2005 жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-шаралар жоспарының қатысушысы болып табылады. Ол Шығыс Еуропа және Орта Азия елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Ол тиісті ұсынымдарды орындау бойынша ЭЫжДҰ жүргізетін елдердің күш салуларын мониторингілеудің көмегімен іске асырылады.

«Қазіргі таңда Қазақстанның орындауында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 19 ұсынымы бар. 2016 жылғы қыркүйекте Парижде Стамбул жоспарының мониторингілеу кездесу барысында ұсынымдарды орындау туралы Қазақстанның аралық есебі қабылданды» - деп атап өтті спикер.

Салауат Мүксімов 19 ұсынымдардың 5-уі бойынша маңызды ілгерілеу, 9-ы бойынша – ілгерілеу, 5-уі бойынша ілгерілеудің жоқтығы байқалатынын баса айтты.

Аталған ұсынымдар басты 3 бағытты қамтиды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты, сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты» бөлімі бойынша ЭЫжДҰ сарапшыларымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша Іс-шаралар жоспарын іске асыруды сыртқы саралау мен бағалау жөніндегі Арнайы мониторингілеу тобын құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін саралау институттарын енгізу оң бағаланды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» жаңа заңдарды қабылдау да оң ықпалын берді.

«Сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық жауапкершілік» бөлімі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»заңын қабылдау, «Заңсыз жолмен табылған табыстарды заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы» заңның ережелерін халықаралаық стандарттарға сәйкес келтіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша статистикалық есептерді жариялау ЭЫжДҰ сарапшыларымен жоғары бағаланды.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бөлімі бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңын және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін қабылдау, Әдеп жөніндегі уәкіл институтын енгізу, мемлекеттік қызметте мүдделер қайшылығы жөніндегі әдістемелік құралды жасау, оған қоса мемлекеттік сыңайлы сектордың сатып алулары бойынша біріңғай порталды құру ЭЫжДҰ сарапшыларымен оң бағаланды.

ЭЫжДҰ кеңсесі және мониторингілеу тобы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша Қазақстанның ұсынымдарды іске асыруда айтарлықтай шаралар қабылдағанын белгілеп, мониторингілеуді жүргізуде қазақстандық тараптың жауапты көзқарасы мен ықпалдасуына оң баға берілгенін атап өтті Салауат Мүксімов.

МҚІСЖҚА сыбайлас жемқорлыққа бейімделген 16 салаға саралау жүргізіп жатыр

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінде кезекті брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа шараларды іске асыру туралы хабарлады.

МҚІСЖҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов атқарылған жұмыстағы басты акцент сыбайлас жемқорлық салдарымен күреске емес, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға жасалғанын атап өтті.

Агенттік «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп бизнестің дамуы үшін маңызды 16 салада  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ауқымды жұмыс бастады», - деді спикер.

Сонымен қатар Агенттік пен «Атамекен» ҰКП-ның бірлескен жиналыстарында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы,  мемлекеттік сатып алу салаларында өткізілген анализ қорытындылары қарастырылғанын айтты.

«Аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүддерлер қайшылығымен, нормативтік-құқықтық актілердегі дискрециялық уәкілдіктің бар болуымен, мемлекеттік қызмет көрсету процедураларының жетілдірілмегендігімен байланысты. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму, қаржы министрліктеріне арналған тиісті ұсынымдар жасап шығарылды», - деді Мүксімов.

Мысалы, кепілдікті көлемде тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасы аясында тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде жоғарыланған талаптар қойылғандығы айқындалды, бұларды есепке алып Денсаулық сақтау министрлігіне «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп сатып алу жүйесінің әрі қарай даму стратегиясын жасап шығаруды, оның ішінде электронды форматқа көшу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Шу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы жөнінде мүдделік қайшылықтар фактісі айқындалды, ол бюджет қаражатын бөлу кезінде, құрылтайшылар оның жақын туыстары болған «Бектибай», «Бектибай-1», «Самат», «Еркін» шаруа қожалықтарына артықшылығын көрсетті. Нәтижесінде 2014 - 2016 жылдар аралығында ғана олар ЖЖМ-ға жәрдем қаражат түрінде 159,9 млн.теңге алды. 

Сәулет және қала құрылысы саласында құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру кезінде лауазымды тұлғалардың дискрециялық уәкілдік фактісі айқындалды, оны алу үшін минималды материалдық-техникалық жабдықталу қажет. Аталған жабдықтың  минималды жиынтығы заң шеңберінде белгіленбеген, сондықтан лицензия беру субъективті факторды жоғарылатады.

«Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы саралау үстінде аталған салада мемлекеттік саясат және бақылауды жүзеге асыру бойынша Қаржы министрлігінің кұзырет қайшылығы айқындалды, өз кезегінде бұл аталған саланың дамуына кедергі болуы және әділетсіз бақылауға әкелуі мүмкін», - деді ол.

Сондай-ақ Агенттікте «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасына ерекше мән берді.

«Қазіргі уақытта Агенттіктің барлық аумақтық департаменттерінде жауапты тұлғалар айқындалып, оларға порталдарды бақылау үшін цифрлық қолтаңбалар берілді» ,- деп қосты Мүксімов.

Мысалы, Алматы облысында жалпы сомасы 39 млн.теңге құраған бағаларды жоғарылату бойынша  3 фактісі, Қарағанды облысында бір лот бойынша 2,3 млн теңге сомасында, Ақтөбе облысында 612 мың теңге көлемінде жоғарылату фактілері айқындалды.

Агенттік аталған жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отырады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы