скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.11.2018 г.
Подведены результаты работы проекта по  антикоррупционной защите бизнеса и инвестиций

Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша жоба жұмысының нәтижесі қорытындыланды

А.ж. 27 қарашасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп «Protesting business and investments» бизнесті және инвестицияларды қорғау бойынша жоба жұмысының нәтижесін талқылау бойынша тілтабысу алаңын өткізді.

Іс-шараға Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша уәкіл Болат Палымбетов, «Атамекен» ҰКП, қазақстандық бизнес-қауымдастықтардың, шетелдік инвесторлардың, монополиялық қызметті және табиғи монополиялар саласындағы жалған мемлекеттік секторды бақылайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Іс-шарада отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, олардың сенімін арттыру бойынша шаралар талқыланды. Сондай-ақ инвестициялық қызметтің барысында және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау процесінде туындайтын проблемалы мәселелер аталды.  

Алик Шпекбаев Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру бойынша елеулі қадамдардың қабылданғанын атап өтті.

«Жоба кәсіпкерлердің өзекті мәселелеріне уақтылы жауап болды. Оның үстіне, ұсынылған тетіктер проблемаларды шешу мерзімін елеулі қысқартты.

Тиісті құрылымдарға «естірту» үшін, шетелдік инвесторлар өз елшіліктері арқылы мемлекеттік органға ресми жүгіну қажет болды.

СІМ инвестициялар және даму министрлігін тартқан, ол өз кезегінде уәкілетті органдарға шыққан. Осындай бюрократия екі айдан үш айға дейін жалғасты.

Бүгінде мәселелердің көбі инвесторлар жүгінгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде шешіледі. Біз әзірлеген өзара іс-қимыл жасаудың түрі өзінің тиімділігін көрсетті», - деді ол.

Агенттік төрағасы бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жалпы құны 6,7 трлн. теңгеден астам  247 инвестициялық жобаға қатысты жүзеге асырылғанын атап өтті.

МҚІСЖҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабирбаев өз сөзінде Жобалық офисінің портфеліндегі елеулі үлесі – бұл отандық инвесторлар, үштен бірі (33%) – шет мемлекеттердің қатысатын стратегиялық жобалар екенін айтты.  

Жобалық офиске және оның аймақтық фронт-офистеріне инвесторлар мен кәсіпкерлерден 271 өтініш келіп түскен, оның 224-і оң қаралды.

Данияр Сабирбаев жалған мемлекеттік сектордың және монополисттердің жұмысындағы бірқатар кемшіліктерді атады, инвесторларға өз әлеуетін толық ашуға және жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейін  белгіледі,   

Оның сөзінше объектілерді газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарт қоюмен, сондай-ақ табиғи газды тасымалдауға шарт жасасумен байланысты «КазТрансГаз Аймақ» АҚ аймақтық филиалдарының заңсыз әрекетіне өтініштердің көбі Жобалық офистің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мекенжайына келіп түседі.

Осындай мысалдардың бірі Алматы облысы кәсіпкерлерінің өтініші болып табылады, олар  «КазТрансГаз Аймақ» АҚ аймақтық филиалының «Зенит ТВК» ЖШС-мен соңғысына бәсекелестік жағдай туғызбауға сілтеме жасап заңсыз шарт жасасу  туралы проблемалы мәселемен бірнеше рет жүгінеді.

Тексеру барысында «КазТрансГаз Аймақ» (Алматы облысы) филиалының реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділікке жағдай жасау бойынша міндеттемелерін сақтамау бойынша заңнаманы бұзу фактілері анықталды, соған байланысты, соңғысы ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке және айыппұл төлеуге тартылды.

Одан басқа, Алматы облысы бойынша МҚІСЖҚА департаменті «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға заң бұзушылықтарды тоқтату және оның салдарын жою туралы ұйғарым енгізді.

Кәсіпкерлердің проблемаларын оң шешу мысалдарының ішінде ол Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға  жол берілетін автомобиль көлігімен мамандандырылған жүкті тасымалдау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бес күннен бір жұмыс күніне дейін  қысқарту бойынша нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу фактілерін келтірді, бұл мкамандандырылған жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің жұмысын елеулі жеңілдетеді. 

Қатысушылардың пікірінше, Жобалық офистің жұмысы мәселелерді тез шешуге мүмкіндік береді, ал алаң өзекті мәселелерге нақты жауап алуға мүмкіндік берді.

6

Подведены результаты работы проекта по  антикоррупционной защите бизнеса и инвестиций


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы