скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

05.08.2017 г.

Басты бағыт - кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

4 тамыз күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған институттық реформалар аясында ең бірінші кезекте заманауи, кәсіби және автономдық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін елорда тұрғындары арасынан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында түсіндірме жүргізу. Сонымен қатар, меморандум «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асуына қолдау білдіруге ниеттелген.

Меморандумға қол қою барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин Астана қаласының жұмыс іздеуші тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік қызметтегі бес бағыттан тұратын реформаның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» екенін атап өтіп, Елбасы тарапынан мығым мемлекеттік қызметті дамытуға назар аударылғанын және әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарынан көріну үшін ең алдымен қуатты мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі мейлінше өзекті екенін түсіндірді.

Астана қаласының жұмыс іздеуші жас азаматшасы Әбилова Арайлым Нұртайқызы мемлекеттік қызметті дамыту - бұл Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталғанын қуаттай келіп, өзі секілді жастардың мемлекеттік қызметке кіру және конкурстық тәсілдерге қатысты кеңес беруді сұрап, тұшымды жауаптар алды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшылары шара қорытындысында мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдар туралы ақпараттандыру мен оны біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс іздеуші азаматтарға одан әрі хабарландыру, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуда өзара ынтымақтастықты арттыратындықтарын атап өтті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы