скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Новости

20.04.2017 г.

«Б» корпусының лауазымдарына үміткер азаматтар үшін тест бағдарламаларының өзгеруі туралы

Агенттіктің ағымдағы жылғы 21 ақпандағы № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен тестілеу бағдарламасына Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қосылды.

Осыған орай, «Б» корпусының лауазымдарына үміткер азаматтар Әдеп кодексі бiлуге арналған тестілеуден өтеді.

Әдеп кодекстің мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: http://adilet.kz/kaz/docs/U1500000153

Бірінші бағдарлама келесіні қамтиды:

1)     Конституция (15 сұрақ);

2)     «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң

(15 сұрақ);

3)     «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заң

(15 сұрақ);

4)     «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң (15 сұрақ);

5)     «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң (15 сұрақ);

6)     «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң (15 сұрақ);

7)     «Құқықтық актілер туралы» заң (15 сұрақ);

8)     «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заң

(15 сұрақ);

9)     «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заң (15 сұрақ);

10)  Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде

102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде

5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша заңнаманы білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама келесіні қамтиды:

1)  Конституция (15 сұрақ);

2)  «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң

(15 сұрақ);

3)  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң (15 сұрақ);

4)  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң (15 сұрақ);

5)  «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңы (15 сұрақ);

6)  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заң

(15 сұрақ);

7)  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заң (15 сұрақ);

8)  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң (15 сұрақ);

9)  Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде

78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде

5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша заңнаманы білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Үшінші бағдарлама келесіні қамтиды:

1)  Конституция (15 сұрақ);

2)  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң (15 сұрақ);

3)  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң (15 сұрақ);

4)  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң (15 сұрақ);

5)  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заң

(15 сұрақ);

6)  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заң (15 сұрақ);

7)  Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде

50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде

5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша заңнаманы білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы