скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

08.08.2017 г.

АТТЕСТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау қорытындысы бойынша брифингтің баспасөз-релизі Мемлекеттік қызмет құрудағы ең маңыздысы мансапқорлық модель болып табылатын кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында, Қарағанды облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығын және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау мақсатында «Б» корпусының қызметшілерін кезектен тыс кешенді аттестаттау өткізілді. 

Жалпы алғанда Қарағанды облысы бойынша «Б» корпусының 4869 мемлекеттік қызметшілері аттестаттауға жатқызылды. 

Тестілеу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер мынадай нәтижелер көрсетті: 

1048 қызметші немесе 21,5% - өте жақсы; 

3580 қызметші немесе73,6% -нәтижелі; 

229 қызметші немесе4,7% -қанағаттанарлық; 

8 қызметші немесе0,2% -ең төменгі нәтиже. 

Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың мемлекеттік қызметшілерін ерекшелейтін «мықты жақтары» –«Жауапкершілік» және «Өздігінен даму» сияқты құзыреттер болып табылады. 

Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатарындағы мемлекеттік қызметшілер «Адалдық» және «Стресске орнықтылық» сияқты мықты жақтарының басым болуымен ерекшеленеді. 

Бұл ретте, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатарындағылардың да «әлсіз жақтары» - «Жеделділік» және «Ынтымақтастық» болып табылады. 

Бірінші кезеңде, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясында облыстың жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының басшылық буынының мемлекеттік қызметшілерінің қатарынан аттестаттауға жататын 24 адамның 23-і әңгімелесуден өтті (1 адам ұзақ мерзімді оқуда болуына байланысты аттестаттаудан өтпеді). 

Әңгімелесу қорытындысы бойынша 5 мемлекеттік қызметшіге немесе 20,8%-на қатысты олардың атқаратын лауазымдарына сәйкестігі жайлы шешім қабылданды және лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, 17 мемлекеттік қызметшіге немесе 66,6%-на қатысты олардың атқаратын лауазымдарына сәйкестігі жайлы шешім қабылданды және 1 адам немесе 4,2%лауазымын төмендетуге ұсынылды. 

Агенттіктің деректері бойынша Қарағанды облысында Жоғары аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткен мемлекеттік қызметшілер жалпы республика бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен. 

Екінші және үшінші деңгейде, яғни Бірыңғай облыстық, аудандық, қалалық аттестаттау комиссияларында және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің комиссияларында аттестаттауға жататын 4827 қызметшінің ішінен 4732 адам немесе 98,1%-ы әңгімелесуден өтті. 

Жалпы алғанда әңгімелесуден өткендердің қатарынан: 

-255 адам (5,3%) атқаратын лауазымдарына сай келеді және лауазымдарын жоғарылатуға ұсынылды; 

-4460 адам (94,3%) атқаратын лауазымдарына сай келеді; 

-13 адам (0,3%) атқаратын лауазымдарына сай келмейді және лауазымдарын төмендетуге ұсынылды; 

-4 адам(0,1%)атқаратын лауазымдарына сай келмейді және қызметтен босату ұсынылды. 

Аттестаттау комиссиясының қабылдаған оң шешімдерінің бірі болып мамандардың ұзақ уақыттар бойы төменгі лауазымдарда болғандығы және аттестаттау қорытындысы бойынша лауазымдары жоғарылаған жағдайлар бар екендігі, осыған орай облыста меритократия қағидасы да орындалуда. 

Мәселен, Сафаров М.М 2013 жылдан бері Абай ауданы Топар кентінің әкім аппаратында қызмет атқарып, аттестаттау қорытындысы бойынша дәл осы кенттің әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Немесе екінші мысал, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Касимова Ш.К. аттестаттау нәтижесі бойынша Шет ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды, Касимова Ш.К. бас маман болып 14 жыл қызмет істеген. 

Меритократия қағидаларын нығайту мақсатында елімізде жүргізілген аттестаттау аталмыш іс-шараның уақыттылылығын және өзектілігін қазірдің өзінде-ақ көрсетіп отыр.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы