скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

01.06.2017 г.

Агенттікте мемлекеттік рәміздердің экспозициясы салтанатты түрде ашылды

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі2017 жылғы 1 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Мерекелеу шеңберінде Агенттікте мемлекеттік рәміздердің экспозициясын салтанатты түрде ашу рәсімі өткізілді.

Қазақстанда а.ж. 1 шілдесінен бастап жаңартылған стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Елтаңбаны қолдануға тыйым салынады. Экспозицияның ашылуында жаңа ұлттық стандарттарға сәйкес қайта жаңартылған Мемлекеттік Елтаңбаны ұсынды.

Салтанатты іс-шараға елтаңбаның авторы Жандарбек Малибекұлы Малибеков қатысып, іс-шараға қатысушыларды атақты күнмен құттықтай отырып, мемлекеттік рәміздер Қазақстанның тарихи байлығын, халықтың үміті мен ұмтылыстарын бейнелейтінін атап өтті.

Жандарбек Малибекұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері конкурсына қатысқаны туралы еске ала отырып, өзінің шығармашылығына қандай ой салғанымен бөлісті.

Салтанатты іс-шарада Агенттіктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері және Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушы құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихын, маңызы мен мәнін қайта еске алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы арнайы бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, Агенттік Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге қатысты спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, жеңімпаздарын сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады.

   

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы