скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

21.04.2017 г.

Агенттік алаңында арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өтті

2017 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында  арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өтті.
Арнайы мониторингтік топпен екі мәселе қаралды. Бағалауға аумақтық арнайы мониторингтік топтың қызметі, сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспардың Білім және ғылым министрлігімен орындалуы бағаланды.
Арнайы мониторингтеу тобының басшысы Н.К. Еримбетов отырысты ашу барысында ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жөніндегі Ыстамбыл іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асыру үшін өңірлік арнайы мониторингтеу топтарының құрылғанын атап өтті.
«Өңірлерде мониторингтеу топтары қызметін бастаған уақыттан 26 отырыс өткізгенін және 48 мәселе қарастырылғанын, 13 мәселе бойынша әкімдіктердің, 20 мәселе бойынша Агенттік департаменттері өкілдерінің баяндамалары тыңдалғанын» Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С. Мүксімов атап өтті.
Жалпы жұмыс оң бағаланды, арнайы мониторингтеу тобының енгізілген ұсынымдары сыбайлас жемқорлықты алдын-алу іс-шараларына қатысты болды.
Олардың қызметін күшейту мақсатында, орталық мониторингтеу тобының тәуелсіз сарапшылары облыстық және аудандық деңгейдегі басшылардың есептерін тұрақты негізде тыңдауға, сондай-ақ облыстық маслихатқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық комиссияға өңірлік арнайы мониторингтеу топтарының басшылары жыл сайынғы баяндама жасау тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Бұдан басқа, Білім және ғылым Вице-министрінің Жоспар шараларын іске асыру туралы барысын, соның ішінде еліміздегі жоғары оқу орындарына  онлайн-порталдарды енгізу жөніндегі есебі тыңдалды.
Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығымен  студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі, грант және жатаханалардағы орындардың бөлінуі есептері бойынша порталдың жұмысымен таныстырды.
Сонымен қатар,  бейне байланыс арқылы жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аумақтардағы жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық қайраткерлер және арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.
Кеңесті қорытындылай келе, арнайы мониторингтік топтың мүшелері Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарына  онлайн-порталдарды енгізуді аяқтауға ұсыным жасады.
Арнайы мониторингтік топтың жұмыс жоспарына сәйкес келесі отырыс 2017 жылдың маусым айында болатынын атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспарда бекітілген шаралардың орындалуы бойынша  бағалауға Қаржы министрлігі жатады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы