скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.04.2019 г.

2018 жыл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жөнінде

Бұл жөнінде МҚІСЖҚА өткен брифингте Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры ақпарат берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Агенттікпен Елбасына енгізіліетін өзекті құжаттардың бірі болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Ұлттық баяндаманың кіріспесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың базалық бағыттарын және Ұлттық баяндаманың негізгі мазмұнын қамтиды.

Негізгі бөлім 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігін талдауды қамтиды.

Атап айтқанда, бірінші тарауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарды орындаудың жылдық қорытындылары шығарылды.

Екінші тарауда халықаралық зерттеулерге, құқықтық статистика деректеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің әлеуметтік өлшемдеріне негізделген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мен таралу үрдісіне талдау көрсетілген», - деді спикер.

Transparency International Kazakhstan сарапшылары Қазақстанның трансұлттық және жергілікті сыбайлас жемқорлықтың өсуі аясында  рейтингтегі өз ұстанымдарын ұстап қалғанын (31 балл), сондай-ақ елдің Орталық Азия өңіріндегі үздік көрсеткіштерін атап өтті.

Үшінші тарауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық моделінің және оның алдын алудың негізгі басымдықтары ашылған.

Есеп беретін және кәсіби мемлекеттік аппаратты дамыту, этикалық бақылауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары 2018 жылы олардың үлесін 69%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді (2017 жылы - 50%).

Салалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерттелді.

Жобаларды басқару және ақпараттық технологиялар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәсілдерді сипаттайды.

Мысалы, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.

Төртінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету мәселелеріне арналған.

Баяндаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту бойынша ұсынымдар қорытындылай келеді. Мәселен:

1) заңсыз байытқаны, пара беруге уәде бергені және ұсынғаны үшін жауапкершілік белгілеу;

2) жария құқық заңды тұлғалар институтын енгізу;

3) бақылаушы құрылымдарды тарата немесе түбегейлі қысқарта отырып, мемлекеттік бақылаудың орнына кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу;

4) Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіру;

5) мемлекеттік қызметшілерді парасаттылыққа тексеруді енгізу (integrity check);

6) заңнамалық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау туралы сараланған ережелерді көздеу;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу;

8) басшылардың бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда дербес жауапкершілігі белгілеу;

9) сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін белгілеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарға орындауға міндетті сипат беру;

10) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және оның құзыретін айқындау.

11) рәсімнің өмірлік циклі шеңберінде «бір өтініш» (мемлекеттік органға бір рет жүгіну) қағидатына көшу жолымен мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылының белсенді форматын барынша енгізуді қамтамасыз ету;

12) азаматтардың ақпараттық сұраныстарын есепке алу тетігін енгізу;

13) елдің барлық өңірлерінде «қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын іске қосу»;

14) «Цифрлық агент» жүйесіне мемлекеттік құрылымдардың неғұрлым көп санын қосу;

15) озық елдер мысалында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін түбегейлі қысқарту;

16) «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы шеңберінде:

- мемлекеттік органдардың қызметіне тұтынушыға бағытталу қағидатын енгізу;

- кедергісіз орта құру;

- азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту;

- «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату (халықтың бюджетті қалыптастыруға тікелей қатысуы) ұсынылған.

Бұл шараладың барлығы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.

Елбасы Ұлттық баяндаманы мақұлдап, Агенттікке оның жариялануын және онда қойылған ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған байланысты Агенттікпен ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік органдардың бекітілуі әзірленеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы