скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы

Ахметжанов Саян Қылышұлы
Ахметжанов Саян Қылышұлы

1967 жылы 26 маусымда ҚазСРО Ақмола облысында туылған.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1986-1988 жылдары – Кеңес Әскери қатарында қызмет еткен.

1991-1996 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тәлімгері, прокурор көмекшісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, жалпы қадағалау бөлімінің аға прокуроры.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бөлім, басқарма бастығы,Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – ҚазақстанРеспубликасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы.

2005-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, Құқыққорғау жүйесібөлімі секторының меңгерушісі.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның хатшысыжәне мүшесі.

2011-2014 жылдары– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары.

2014 – 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

2015 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы.

2016 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2011ж.) және ведомстволық медальдарымен награтталған.

Отбасылы, екі ұлы және қызы бар.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы