скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

ҚОЖАМЖАРОВ ҚАЙРАТ ПЕРНЕШҰЛЫ
ҚОЖАМЖАРОВ ҚАЙРАТ ПЕРНЕШҰЛЫ
1965 жылы 24 наурызда Жамбыл қаласында дүниеге келді.
1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірді.
1987-2007 жылдар аралығында прокуратура органдарында, кеден қызметінде, қаржы полициясы органдарында қызмет етті.
2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) Департаментінің бастығы
2007 жылдың қантар айынан 2008 жылдың желтоқсан айына дейін - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.
2008 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы.
2012-2013 жылдары – Ақмола облысының әкімі.
2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамыз айына дейін - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2015 жылғы 11 желтоқсанында Елбасының өкімімен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалды.
2016 жылдың 13 қыркүйегінде Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
І және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдары және өзге де ведомстволық медальдармен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының еңбегі сіңген қызметкері» және «Қазақстан Республикасы прокуратурасының ең үздік тергеушісі» атақтарын иеленген.
Қаржы полициясының Генерал-майоры.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы