скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

БІЗДІҢ ТАРИХ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан  Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.
Агенттік мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің ведомствосында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, сондай-ақ облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары бар.
Агенттіктің қарамағында 2 ұйым:
1)«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы;
2)«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары туралы мәлімет

Аты-жөні

Қызмет атқарған кезеңдері

1

Байменов Әлихан Мұхамедияұлы

1998 жылғы 18 қыркүйек –

2000 жылғы тамыз

2

Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы

2000 жылғы тамыз - 2003 жылғы 

24 қараша

3

Әдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы

2003 жылғы 24 қараша - 2005 жылғы

14 қазан

4

Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы

2005 жылғы 14 қазан - 2007 жылғы

14 қараша

5

Әдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы

2007жылғы 14 қараша - 2008 жылғы

13 қазан

6

Орсариев Арын Амангелдіұлы м.а.

2008 жылғы 13 қазан - 2009 жылғы

25 тамыз

7

Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы

2009 жылғы 25 тамыз - 2011 жылғы

1 шілде

8

Байменов Әлихан Мұхамедияұлы

2011 жылғы 1 шілде – 2014 жылғы

6 тамыз

9

Қожамжаров Қайрат Пернешұлы

2014 жылғы 6 тамыз – 2015 жылғы

11 желтоқсан

10

Донақов Талғат Советбекұлы

2015 жылғы 11 желтоқсан – 2016 жылғы

13 қыркүйек

11

Қожамжаров Қайрат Пернешұлы

2016 жылғы 13 қыркүйек – бүгінгі күнге дейін

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы