скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

 

        «Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы Концепциясын, Бес институционалдық реформаны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 2015-2017 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының стратегиясын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру үздік халықаралық тәжірибені зерттеуді және бейімдеуді, сонымен қатар шетелдік әріптестермен тұрақты ықпалдастықты қажет етеді.
Осы тұрғыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда.
 
Халықаралық келісімдер базасы
 
        Қазіргі уақытта Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы негізгі халықаралық құжаттарды - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясын және Трансұлттық қылмысқа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясын ратификациялады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша 25 көпжақты және екіжақты келісім іске асырылуда.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласында Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Финляндия, Қытай, Армения, Таиланд, Франция, Ұлыбритания, Грузия; Эстония; Израиль және Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық туралы 13 меморандум іске асырылуда.
 
Халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық
 
       Агенттік Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Азия Даму Банкі, сияқты беделді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік орнатқан.
Қазақстан Республикасы, Агенттік арқылы Жемқорлыққа қарсы ведомстволар қауымдастығы, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі (ACN OECD), Азия даму банкі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия және ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің мүшелігіне енген.
Агенттіктің өкілдері осы ұйымдардың жыл сайынғы отырыстарына белсенді түрде қатысады.
Қазіргі уақытта Агенттік Қазақстан Республикасын Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) қосылу мәселесін пысықтауда.
 
БҰҰ-мен ынтымақтастық
Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы әмбебап құралы саналатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясын іске асыру бойынша іс-шараларға қатысуда.
Конвенция негізгі бес бағытты қамтиды: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықты қылмыстандыру және заңдылықты қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық, активтерді қайтару, техникалық көмек пен ақпарат алмасу.
2009 жылдың қараша айында Доха қаласында қатысушы мемлекеттердің заңнамасын Конвенцияның ережелерiне сәйкестігіне шолу жүргізуді көздейтін Конвенцияның іске асырылу барысына шолу жүргізу тетігі қабылданды.
Осы механизмге сәйкес барлық қатысушы мемлекеттер Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау тұрғысынан тексерілуі керек. Өзін-өзі бағалау және алқалық бағалау негізінде механизм ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдары мен тәжірибелерінде кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Механизм барлық қатысушы мемлекеттерге қолданылады. Әрбір мемлекетке қатысты шолу Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ-ның кеңсесі Хатшылығының қолдауымен басқа екі қатысушы-мемлекет арқылы жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, Қазақстан Лихтенштейнмен бірге Италия заңнамасына, ал 2014 жылы Угандамен бірлесіп Үндістанның заңнамасына шолу жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академия (IACA) Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасы және Еуропа Одағы алаяқтыққа қарсы күрес Бюросымен бірлесе отырып Австрия Республикасы Үкіметі тарапынан құрылды.
Қазақстан Республикасының Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны халықаралық ұйым ретінде құру туралы келісімге қосылу шешімі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылдың 8 қазанда қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы үздік оқу, ғылыми-зерттеу орталығы саналатын Академияның және мынадай негізгі мақсаттары бар: сыбайлас жемқорлықта кәсіпқойлық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарттарын және тиімді механизмдерін әзірлеу.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен ынтымақтастық
Қазіргі кезде Агенттік Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ-мен бірлесіп «Этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік қызмет реформасын қолдау» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты мемлекеттік қызмет реформаларына бірқатар іс-шаралар арқылы қолдау көрсету, соның ішінде кәсіби жетістіктер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізінде этика мәселелері, мансаптық даму салаларында үздік халықаралық тәжірибелерді зерделеу болып табылады.
Сонымен қатар, Агенттік Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен ынтымақтастық құрған. Бірлескен жоспар аясында, түрлі іс-шаралар, соның ішінде конференциялар, семинарлар, тренингтер және зерттеулер, өткізілуде.
 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық
Агенттік ЭЫДҰ-мен бірқатар бағыттарда, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стамбул іс-қимыл жоспары аясында, қызмет етеді.
Жалпы, Стамбул жоспары бойынша Қазақстан мониторингінің үш кезеңі өтті.
Стамбул жоспарының соңғы аралық есебінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруы бойынша оң динамика атап өтілді.
Сонымен қатар, Қазақстан 2004 жылдан бері ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің мүшесі ретінде оның қызметіне белсенді түрде қатысуда.
Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі желісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларға жәрдемдесу, ақпарат алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы озық әдістерді әзірлеу, сондай-ақ донорлық ұйымдардың қызметін үйлестіру бойынша аймақтық форум ретінде 1998 жылы құрылды.
Integrity Scan - тиісті басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы көптеген ЭЫДҰ стандарттары, сондай-ақ басқа да ұйымдар белгiлеген бірқатар стандарттар тұрғысынан елге шолу жасауды көздейтін ЭЫДҰ-ның жаңа бастамасы.
Бұл зерттеулерді жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар: Ұлттық экономика министрлігі және Агенттік.
Жемқорлыққа қарсы ведомстволардың халықаралық қауымдастығымен ынтымақтастық (IACCA)
Халықаралық қауымдастық 2006 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара консультацияларды қамтамасыз етуде, ұсынымдар мен ұсыныстар жасауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарына жәрдем беру үшін БҰҰ Конвенциясын іске асыру тиімділігін ілгерілету бағытында жұмыс. Агенттік 2006 жылдың желтоқсан айынан бері қауымдастықтың толыққанды мүшесі.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы