скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Мемлекеттік сатып алулар конкурсын өткізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы

2016   жылғы  29  ақпанда Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.

Отырыста төраға, хатшы және президиум құрамы сайланды. Қоғамдық кеңес шешімімен Қоғамдық кеңес Төрағасы ретінде белгілі қоғам және саясат қайраткері, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарушысы Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы сайланды. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері министрлігі  жанындағы Қоғамдық кеңес туралы Ереженің жобасы мақұлданды, Қоғамдық кеңестің 2016 жылға жұмыс жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру

Ұлт жоспарының «Транспарентті есеп беретін мемлекет» бесінші бағытын жүзеге асыру аясында Министрлікте 2016 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі  жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамы қалыптастырылды (ары қарай – Қоғамдық кеңес).

Қоғамдық кеңес 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қалыптастырылды және азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және Министрлік шешімдер талқылау мен қабылдағанда жұртшылықтың пікірін ескеру, Министрлікпен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауын дамыту және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен Министрлік қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін азаматтармен коммерциялық емес ұйымдардан 16 өтініш түсті. Олардың арасынан ашық дауыс беру арқылы жұмыс тобының мүшелерімен 9 үміткер сайланды.

Қоғамдық кеңестің үш мүшесі Минирстрлік қызметкерлерінің арасынан айқындалды.

Қоғамдық кеңес 12 мүшеден тұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері 3 жыл мерзімге сайланды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес тобының құрамы

азаматтық қоғамнан

  1. Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы - «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының басшысы, Қоғамдық кеңестің Төрағасы;
  2. Ақатова Сәуле Баршанқызы - Астана қаласы бойынша адвокаттар Алқасының адвокаты;
  3. Қаудыров Төлеш Ерденұлы - Қазақ Гуманитарлық – Заң университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы рақымшылық бойынша комиссиясының мүшесі;
  4. Ким Георгий Владимирович - Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты;
  1. Мұқашев Рахмет Жолдыбайұлы - Қазақстандық заңгерлер одағының төрағасы;
  2. Нұртазин Қараболат Серікжанұлы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің еңбегі сіңген қызметкері;
  3. Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлы - Саяси ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің  еңбегі сіңген қайраткері;
  4. Тюгина Ирина Валерьевна - «Атамекен» Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер ұлттық палатасының  ірі және кіші кәсіпті дамыту комитеті хатшысының орынбасары;
  5. Федотова Зинаида Леонтьевна - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет кафедрасының профессоры;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінен
  1. Ахметжанов Саян Қылышұлы - Жауапты хатшы;
  2. Көмекбаев Әли Амантайұлы - Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры, Қоғамдық кеңестің хатшысы;
  3. Шалабаева Жұлдыз Қазтуғанқызы - Құжат айналым және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы