скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тексеру нәтижелері туралы ақпарат

2017 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 918 тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 11152 мемлекеттік қызмет туралы және қызметтік әдепті бұзылу фактілері анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санынан 3198 – мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жұмысын бағалау, 848 – тәртіптік жаза қолдану қағидалары, 819 – конкурс өткізудің қағидаларының талаптары,
632 – сынақ мерзімінен өтудің шарттарын және 5655 – басқа да мемлекеттiк қызмет және қызметтің әдеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылуымен байланысты болған.

Тексеру қорытындылары бойынша, барлығы 547 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 3 - атқаратын лауазымынан босатылды, 1 – лауазымынан төмендетілді, 36 - қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескертілді, 39 – қатаң сөгіс, 140 – сөгіс, 327 – ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

Анықталған бұзушылықтардың 3050 жойылды (жоюға келетіндердің ішінен), 130 заңсыз бұйрықтар бұзылды.

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы