скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Мемлекеттік қызмет

2015 жылы «Персоналды басқару» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау нәтижелері турал

 

 
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес «Персоналды басқару» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды жүргізеді.
Бағалау мемлекеттік органдардың адам ресурстарын пайдалану тиімділігі, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыс тиімділігі, мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі критерийлері бойынша ақпаратын талдау негізінде жүргізіледі.
Бағалауға 12 орталық мемлекеттік және 16 жергілікті атқарушы орган жатады. Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылы «Персоналды басқару» бағыты бойынша бағалау жүргізді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша орта балл 74,2 баллды құрады (2014 жылдың қорытындысы бойынша – 72,4). Орталық мемлекеттік органдар арасында орта балл 74,5 баллды құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,9 баллға артық жергілікті атқарушы органдар арасында – 73,9 балл, ол да сондай-ақ 2014 жылмен салыстырғанда  2,4 баллға артық. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және адам ресурстарын пайдалану тиімділігі бойынша жұмыс тиімділігі оң өзгерістерге ие болды. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған мемлекеттік қызметшілер саны (2014 жылдың қорытындысы бойынша) 111 адамнан 69 адамға дейін едәуір қысқарды. Табыс және мүлік бойынша декларацияларды өз еркімен жариялаған басқарушы буын мемлекеттік қызметшілерінің үлесі 14,6 % (71,9% дейін) өсті (2014 жылдың қорытындысы бойынша – 57,3%). Мемлекеттік органдар біліктілікті жоғарылатуға жататын мемлекеттік қызметшілерді іс жүзінде толығымен қамту (97 %) қамтамасыз етілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2% артық. Қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 88% дейін өсті (2014 жылы – 85%). Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі бағытында мемлекеттік органдарда кадрлар ауысуының шағын төмендеуі байқалуда. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесімен қарастырылған негіздер бойынша 2015 жылы мемлекеттік органдар жұмысшыларының 8,9% жұмыстан шықты (2014 жылы – 9,1%), соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда ауысу 13,8% төмендеді, ол 14,4% құраған 2014 жылдың көрсеткішінен төмен.
Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қажетті ұсыныстар жолданды.

2015 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы ақпарат

2015 жылдың барысында мемлекеттік қызметт мәселелерінің бірнеше бағыты бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс жүргізілді.

1. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құрастыру бойынша бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру

Модернизация жөніндегі ұлттық комиссияның отырыстарында мақұлданған Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын енгізу ойынша жаңа әдістер әзерленді.

Бірінші институционалдық реформаның құқықтық негізін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң және оған ілеспе заң әзірленді.

Жаңа заңды әзірлеуге ғалымдар, соның ішінде Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебінің, сондай-ақ әлемнің рейтингтік университеттері – Сингапурдың ұлттық университеті (СҰУ) және АҚШ Корнель университетінің профессорлары қатысты. Ол үшін Мемлекттік басқарудың Азиялық ассоциациясының төрағасы Пан Сук Ким, СҰУ Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің деканы Кишор Махбубани, СҰУ жетекші профессорлары Эдуардо Арарал, Дональд Лоу және т.б. жұмыс кездесілері ұйымдастырылды.

Аймақтық аспектілерді ескеру үшін облыстық, аудандық және ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік қызметшілердің қызмет жағдайына талдау жүргізілді. Заңның негізгі аспектілері облыс әкімдіктерінің өкілдерімен талқыланды.

Сонымен бірге, кадрлерді іріктеу мен ілгерілету кезінде құзіреттері тәсілдемеге өтуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың Ұлттық орталығы үміткерлердің негізгі құзіреттерін және жеке қасиеттерін анықтау үшін автоматтандырылған тесттік бағдарлама әзірленіп жатыр.

Бағдарламаның сапасы тиімділігі жоғары қызметшілермен екі мәрте анықталды және сарапшылардың оң қорытындысын алды.

Реформалардың қоғамдық қолдауын қамтамасыз ету мақсатында Орталық коммуникациялар қызметінде қызметшілердің, қоғамдық бірлестіктер мен академиялық орта сарапшыларының брифингетрі ұйымдастырылды.

Медиа-кеңістікте кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша негізгі әдістер мен жаңа Заңның ережелерін жарық түсіру үшін ақпараттық материалдар әзірленді.

2. «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін құру және мониторинг жүргізу

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві.

2013 жылдан бастап «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне жалпы 1254 адам қабылданды, соның ішінде 2013 жылы – 940, 2014 жылы – 149, 2015 жылы – 115 адам.

Үш жыл ішінде резервке қабылданған барлық резервисттерді есепке алғанда, резервте 191 адам бар, олардың 158 – мемлекеттік қызметшілер, 31 – мемлекеттік қызметші болып табылмайды, 2 – жұмыссыз.

Гендерлік тұрғыдан резервисттердің жалпы санынан: ерлер – 166 адам (87 %), әйелдер – 25 адам (13 %).

Бүгінге «А» корпусының 513 лауазымының 12 бос болып табылады, оның 4 орталық атқарушы органдарға жатады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві.

2015 жылғы 19 желтоқсандағы жағдайға сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде 310 резервист бар (1452 санатқа өтініш берген).

2015 жылдың қаңтарынан бастап кадр резервіне 513 адам қабылданды (1759 санат бойынша).

Кадр езервінен 292 адам жұмысқа орналастырылды.

Кадр резервінен шығарылғандардың саны 359 адамды (1449 санат бойынша) құрады.

3. Ауысу тәртібімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тағайынауды келісу.

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес Ауысу тәртібімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тағайынауды келісу үшін 1951 мемлекеттік қызметшіге өқжат келіп түсті, соның ішінде:

  • 1776 келісім берілді, соның ішінде жоғары тұрған лауазымға – 1226, тең – 526, төмен тұрған – 124;
  • 175 үміткерге келісім берілмеді.

4. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру.

Жыл басынан бері тестілеуге 5579 адам қатысты, олардың ішінде:

  • 18447 адам (33,1 %) шекті мәннен өтті;
  • 37199 адам (66,7%) шекті мәннен өтпеді.
  • 144 (0,2%) тестілеу рәсімін бұзғаны үшін тоқтатылды.

5. Внедрение и функционирование ИИС «Е-кызмет»

Завершается работа по вводу в промышленную эксплуатацию с начала 2016 года интегрированной информационной системы «Е-кызмет», являющейся IT решением системы управления персоналом на государственной службе.

Целью реализации проекта «Е-қызмет» является автоматизация деятельности служб управления персоналом государственных органов и получение в режиме «онлайн» полной кадровой информации

о государственных служащих центрального и регионального уровней.

В соответствии с техническим заданием в рамках «Е-қызмет» разработаны 9 блоков, включающих 32 подсистемы.

На сегодняшний день в систему внесены порядка 96 тысяч личных дел, из них более 66 тысяч действующих административных государственных служащих.

6. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мен біліктілігін жоғарылатуды үйлестіре және мониторинг жүргізу.

2015 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында және Аймақтық оқыту орталықтарында 16 868 мемлекеттік қызметшң біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлаудан өтті.

Назарбаев Университетімен бірлесіп орталық атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның негізгі жаңа енгізілімдерін талқылау бойынша семинар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару Академиясында әлеуметтік блок министрліктерінің (білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, мәдениет және спорт министрліктері) басқарушы құрамы үшін «Мемлекеттік қызмет саласындағы бюджеттік жоспарлау. Бюджеттік қызмет көрсетудің бағасын қалыптастырудағы заманауи әдістер» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді.

Осыдан бөлек, бірінші институционалдық реформа аясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың аймақтық орталықтарын Мемлекеттік басқару Академиясының филиалдарына безендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұл мемлекеттік қызмет персоналын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруд жүйесінің тұтастығын қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.

7. Тәртіптік кеңестердің жұмысытары туралы ақпарат

2015 жылда Тәртіптік кеңестермен 225 отырыс өткізілді.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдарға қатысты 1317 тәртіптік іс қозғалып қаралды.

Қаралған тәртіптік істердің 753 бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына тиiстi тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныстар жасалған, мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн 196 тәртiптік iстің материалдары уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жолданған, 368 тәртiптiк iс қысқартылған.

Тәртіптік кеңестер ұсыныстарының қаралуы нәтижесі бойынша 791 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (437 сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзғаны үшін).

Жауапкершілікке тартылғандардың ішінде: 15 аудан әкімдері, 111 орталық мемлекеттік органдарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері (С санаттарының тобы), 61 облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері (Д санаттарының тобы), 457 қалалық және аудандық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері (Е санаттарының тобы), 38 құқық қорғау органдарының қызметшілері және 109 басқа тұлғалар.

Тәртіптік тәжірибе келесі түрде қалыптасқан: 72-ескерту, 107-сөгіс, 118-қатаң сөгіс, 22-қызметінен төмендету, 330-қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және 142-қызметiнен босату.

Мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен қызмет этикасы нормаларын сақтау мақсатында әкімдер және басқа да мемлекеттiк органдардың басшыларына 1639 ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.

Тәртіптік кеңестермен қала және аудандарда 801 көшпелі қабылдау жүргізіліп, қабылдауда 1756 азамат қабылданды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этика нормаларын сақтау бойынша 2738 семинар-кеңестер өткізілді.

Есепті кезеңде Тәртіптік кеңестердің мүшелері 3785 рет БАҚ-да, оның ішінде теледидарда – 1208, радиожелістерінде – 148, газеттерде және басқа да басылымдарда 1308 рет сөйлеген және интернет ресурстарда 1121 рет.

8. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелері туралы ақпарат

2015 жылда мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының және Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 1389 тексеру жүргізілді. Оның ішінде, 228 - жоспарлы тексерулер, 754 - жеке тұлғалардың өтініштері, 147 – мемлекеттік органдардың және заңды тұлғалардың өтініштері, 241 орталық аппараттың тапсырмалары және 19 - БАҚ-да және басқа да басылымдарда жарияланған өзге ақпарат бойынша.

Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 9391 мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Ар-намыс кодексінің бұзылу фактілері анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санынан 746 – қызметтік этика нормалары, 406 – тәртіптік жаза қолдану қағидалары, 314 – конкурс өткізудің қағидаларының талаптары, 75 – мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережелерінің бұзылуымен байланысты болған.

Тексеру қорытындылары бойынша, барлығы 900 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 381 - ескерту, 333 - сөгіс, 115 - қатаң сөгіс, 58 - қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және 13 - қызметiнен босату түрінде.

Анықталған бұзушылықтардың 563 жойылды (жоюға келетіндердің ішінен), 55 заңсыз бұйрықтар бұзылды.

9. Әкімшілік тәжірибе бойынша ақпарат

2015 жылда «Әкімшілік құық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабы бойынша 88 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде осы баптың 1 бөлігі бойынша (конкурстық іріктеу рәсімін бұзу) – 83 іс, ал 2 бөлігі бойынша (адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату) – 5 әкімшілік іс.

2015 жылдың 1 қазанына қарасты әкімшілік істерді қарау нәтижесі.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы