скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қоғамдық маңызды тергеулер

13.09.2018 г.

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы қылмыс үстінде ұсталды

А.ж. 12 қыркүйекте МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі сыбайлас жемқорлықта әшкереленді.

Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы лауазымды тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлығы үшін бұрын келісілген 50 000 АҚШ доллары сомасының 11,5 млн. теңге көлеміндегі параны алу барысында ұсталды.

Ұстау барысында ол Ұлттық бюро департаментінің жедел департаменті қызметкерінің автокөлігін соқтығып, қарсыласу көрсеткен және бой тасалауға әрекет жасаған.

Атап өту керек, оның лауазымдық міндеттерінің аясына республика бойынша ұйымдасқан түрдегі қылмыстарды тоқтату және анықтау кірген.

Күдікті ұсталды және Астана қ. ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына орналастырылды.

МҚІСЖҚА ресми өкілі

Жанна Бастарова

Видео: https://www.facebook.com/ADGSPK/videos/490138858125153/


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы