скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

News

19.06.2017 г.

Елбасының саясатына қолдау көрсету басты парызымыз

2017 жылдың 15 маусымы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Жетісу ауданының әкімі аппараты бірлесе отырып, аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша  Жетісу ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.

Жиынға Жетісу ауданы әкімі аппаратының, Салық басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Жетісу аудандық  мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлері мен №148 мектептің мұғалімдері мен №11 емхананың дәрігерлері қатысты.

Жиынды  Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Манапхан Бекзатұлы Қансейітов  алғы сөзбен ашып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров, «Қоғамдық жоба - Общественный проект» қоғамдық ұйымның жетекшісі Братенков Александр Иванович, белгілі публицист-философ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әбдірашит Бәкірұлы Әбдіраймовтар өз баяндамаларында бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, алдын алу, болдырмау, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыра отырып,  жемқорлықты жою жұмысын күшейту  бағытында елеулі қадамдар жасауды тоқтатпауымыз керек деп  атап өтті. 

Баяндамашылардан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дайындалған 10 минуттық бейне ролик көрсетілді. 

Жиынға «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Айқын» газеттерінің тілшілері қатысты.

 

 


Mobile version RSS Site map