скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

News

19.06.2017 г.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобилді топ Бостандық ауданында

2017 жылдың 9 маусымында Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобилді тобы  Бостандық аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында      «Есіктен есікке», «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жобаларды жүзеге асыру мен жұртшылықтың көкейтесті мәселелері бойынша қоғамдық қабылдаулар жүргізді.

Қоғамдық қабылдаудың негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және   азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтарды толғандыратын аса маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді айқындап шешу.

 Сондай-ақ қоғамдық қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, айтылған ұсыныстар назарға алынып, белгіленген заңнамаларға сәйкес толық түсініктеме беріледі.  

Бүгінгі қабылдауда жұмысқа орналасу, еңбек даулары, жер телімі, баспанаға кезекке тұру, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі 7 сұраққа мобилді топ тарапынан түсініктемелер берілді.

Мобилді топ тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мәдениетті қалыптастыру тақырыптарындағы 250 жадынама тұрғындарға таратылды.   


Mobile version RSS Site map